28.02.2007, 15:23 7124

Бастауыш және орта білім беру мен мамандарды қайта дайындау жүйесін әлемдік стандартқа жақындату қажет - президент

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастауыш және орта білім беру мен мамандарды қайта дайындау жүйесін әлемдік стандартқа жақындату қажет, деп санайды. Бұл туралы президент бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бүкіл елімізде білім беруде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуіміз қажет",- делінген "Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың маңызды 30 бағыты" деген жолдаудың екінші бөлімінде.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы үш ауысымды оқытуды жойып, оқытудың тиімділігін, білім деңгейін және әрбір білім алушының білімін бағалаудың біртұтас жүйесін құру, онлайн режиміндегі оқыту тәжірибесін дамыту және елімізде оқыту телевидениесін құру қажет, деп санайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының пікірінше, "оқу жоспарына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте математика мен информатика бойынша қосымша сағаттар немесе сабақтар кіргізу, сондай-ақ жаратылыстану саласындағы ғылыми бағыттарда арнаулы сыныптар жүйесін құру мүмкіндігін қарастыру" қажет.

Президент, сондай-ақ, "мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту" қажет, деп санайды. "Кез-келген статистикалық орташа деңгейдегі мектеп балаларға шет тілін ең жоғарғы дәрежеде оқып үйрену мүмкіндігін бере алатындай мүмкіндікке қол жеткізуіміз керек",- делінген құжатта.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, "жұмыста жоғарғы көрсеткішін көрсете білген мектептерге грант беру үшін мемлекеттік байқау өткізу жүйесін енгізу жайын ойластыру қажет. Грантты мысалы ахуалы нашар отбасыларындағы балаларға шәкіртақы тағайындау түрінде беруге болады. "Бұл әлгілердің одан әрі бұдан да мәртебелі білім беру мекемелерінде білім алуларына мүмкіндік береді",- деп көрсетілген құжат мәтінінде.

Исіресе, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, ең үздік оқытушылардың жұмысын бағалу және оған сыйақы тағайындау жүйесін жетілдіру мәселесін зейін салып зерделеу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны