24.04.2013, 17:24 5773

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" құрылысына арналған қарыз туралы келісімге түзетулер мақұлданды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мәжіліс депутаттары Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізіне арналған қарыз туралы келісімге енгізілген түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкi арасындағы келiсiм-хатты ратификациялау туралы бірінші заң жобасын қарап, мақұлдады.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Мәжілісмендер "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолдарының құрылысына арналған қарыз туралы келісімге түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мәжіліс депутаттары Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізіне арналған қарыз туралы келісімге енгізілген түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкi арасындағы келiсiм-хатты ратификациялау туралы бірінші заң жобасын қарап, мақұлдады.

Жоба іске асырылған жағдайда елдің көліктік әлеуеті дамып, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқыны едәуір артады және транзиттік жүктердің айналымына жол ашылады. Бұл Қазақстанның барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарыз туралы келісім шеңберінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің құрамына Алматы облысының шегіндегі Алматы-Қорғас учаскесінде жұмыстарды, оның ішінде жанама айналма жолдарды, көпірлерді, көлік жолайрықтары мен қосалқы құрылыстарды қайта құру және салу жөніндегі жұмыстарды орындау көзделген.

Халықаралық Қайта құру және даму банкі келісімге сәйкес Қазықстан Республикасына 1 068 млн АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі - бес жыл, жеңілдікті кезеңді қоса алғанда 19 жыл.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің берлесіп қаржыландыруы 188,5 млн АҚШ долларынан аспайды. Республикалық бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге жұмсалмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны