21.05.2009, 10:48 1799

Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының құрылысы жалпыхалықтың құрылысқа айналуға тиіс - Назарбаев

Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының құрылысы жалпыхалықтың құрылысқа айналуға тиіс. Илемдік банк қазақ сахарасы арқылы өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының құрылысына 2,1 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан ұлттық арнасы мен "Хабар" агенттігінің журналистеріне берген арнайы сұхбатында мәлімдеді..

Алматы. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының құрылысы жалпыхалықтың құрылысқа айналуға тиіс. Илемдік банк қазақ сахарасы арқылы өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының құрылысына 2,1 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан ұлттық арнасы мен "Хабар" агенттігінің журналистеріне берген арнайы сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сұхбат дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың шығу төркіні мен оның әлемдік экономиканың дамуына тигізген салқынын, Қазақстанның осы дағдарыспен күрес шараларын қамтыды. Біздің еліміз бұл дағдарыстан дін аман шығып қана қоймай, одан кейін тың қарқынмен дами түседі. Оған қажетті барлық алғышарттар бар. Сол даму барысында бірінші кезекте қандай салаларға баса мән беру қажеттігін осындай, ертеңгі дамудың тұғыры бекитін осындай "тыныстау" кезеңінде ойластырып, қамдану керек. Бұл ретте мемлекет басшысы қаржы, ауылшаруашылығы, құрылыс индустриясы, мұнай-газ өңдеу, ем-дәрі, электр қуаты, инфрақұрылым, көлік-тасымал секілді салаларды алдағы уақытта қазақ елін дамудың даңғыл жолына бастайтын, сондықтан да бүкіл ел болып жұмыла дамыту қажет болып отырған сүбелі салалар ретінде атап өтті.

Сонымен қатар, сұхбат кезінде президент мемлекеттің экономикалық дағдарысқа қарсы қолданып жатқан шаралары мен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде үкіметке жүктелген негізгі жеті міндеттің жай жапсары қақында баяндады. Ал елдің әлеуметтік әлеуетін арттып, жұмыссыздықты азайту мәселелері мемлекет мойнындағы басты жауапкершілік болады. Ал күні кеше қауіпсіздік кеңесінде елдің агроөнеркәсібін кешенді дамытуға байланысты үкіметке нақты тапсырмалар жүктелген болатын. Президент сұхбат барысында ел экономикасының ең сүбелі саласы саналатын осы ауылшаруашылығы мәселесіне қатысты да өзінің өзекті пікірлерін ортаға салды.

"Мен осы бүгін ғана, Илемдік банктің президентінен хат алдым. Онда аталған жолдың құрылысы үшін банк 2 миллиард 100 миллион АҚШ долларын бөлгенін айтқан. Қалғандары Азия, Ислам Даму банктері де қосымша 1 жарым миллиард доллар бөліп отыр. Осынша ақшаға салынатын бұл жолда 50 мың адам жұмыс істейді. Еуропа мен Ресейден сол жолмен Қытайға қарай Алматы, Жамбыл, Оңтүстүк Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары арқылы көлік нөпірі өтетін болады. Жол бойында шағын және орта бизнес өркендейді. Кемпингтер, жанармай құю бекеттері, дамханалар мен дүкендер ашылады. Яғни халық тығыз орналасқан тас жолдың бойында тіршілік қызады деген сөз. Мен бұл жолды, Қытайды Еуропаға қосатын жолды жалпыхалықтың құрылыс деп жариялағым келеді. Сол арқылы жастарды және басқа да жол сала алатын азаматтарды түгел тартқан жөн деймін. Кезінде Түркісіб, Байкал-Амур Магистралының құрылыстарын да солай салған. Бұл да біз үшін сол Байқал-Амур магистралы. Біз үшін соншалықты маңызды. Ең бастысы біздің өңірлер үшін маңызды. Осындай міндеттер тұрғанда жігерленіп, жұмыс істегің келеді, Ақыр кіріскен соң үлкен іске кіріскен жөн. Біздің халық бұған лайықты",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны