14.02.2007, 18:25 3710

Батыс Қазақстан облысында бір полицей қамауға алынған азаматтың туыстарынан 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықталды - адвокат

ОРАЛ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері қамауда отырған "Ақ орда" республикалық қоғамдық бірлестік бөлімшесінің басшысы Мұхтар Хамзиннің туыстарынан 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Мұхтар Хамзиннің адвокаты Талғат Асылбаев хабарлады.

Талғат Асылбаевтың сөздеріне сүйенсек, оны Орал қаласына арнайы келген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері құрықтаған.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің "ең болмаса 100 мың АҚШ долларының жартысын беріңіздер, біз ба старту материалдарын әкеп береміз" деген сөздері таспаға жазылып алынған. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бір қызметкерлері осы ақшаны алу үстінде құрықталды",- деп мәлімдеді Мұхтар Хамзиннің адвокаты.

Сонымен қатар, Талғат Асылбаев полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың туыстарынан қылмыстық істі тергеудің басында-ақ бопсамен ақша талап еткендігін айтып өтті. Осыған байланысты Мұхтар Хамзинмен бірге тұратын әйел Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігіне шағымдануға мәжбүр болған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Мұхтар Хамзин 2006 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 321-бабы бойынша (билік өкіліне қатысты күш қолдану) қылмыс жасады деген күдікпен құрықталған болатын. Қылмыстық іс алдын-ала тергеу сатысында. Мұхтар Хамзин қазіргі уақытта Орал қаласының уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны