23.07.2007, 13:56 3456

Батыс Қазақстан облысында тасбақа контрабандасы үшін Өзбекстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында тасбақа контрабандасы үшін Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ Икімшілік полициясы комитетінің табиғат қорғау полициясы бөлімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 шілдеде Ақтөбе станциясы Батыс ІІД желілік бөлімінің қызметкерлері Алматы мен Ақтөбе арасында қатынайтын №23 жолаушылар поезының вагонында Өзбекстандық әйелді ұстады. Тексеру кезінде оның иелігіндегі екі сөмке мен екі қаптан 540 тасбақа табылып тәркіленді.

Тәртіп сақшыларының түсініктемесіне сәйкес, әйел тасбақаларды тиісті құжаттарсыз тасымалдамақ болған. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны