28.04.2010, 16:15 3560

"Бекіре" іс-шарасы басталғаннан бері 26,7 тоннадан астам балық, оның ішінде 475 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді - ІІМ

"Бекіре" іс-шарасы басталғаннан бері 26,7 тоннадан астам балық, оның ішінде 475 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді - ІІМ

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 26,7 тоннадан астам балық, оның ішінде 475 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің хабарлауынша, "10 сәуір - 1 маусым аралығында Орал-Каспий бассейнінің аумағында браконьерлікті және балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шаралар шекара қызметімен, балықты қорғау және кедендік бақылау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда".

"Сонымен қатар балықтардың уылдырық шашу кезеңінде (сәуір-мамыр) Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерінің аумағындағы басқа да су қоймаларында браконьерлік әрекеттің жанданатынын ескере отырып, әкімшілік, криминалдық полиция және тергеу бөліністері балықты қорғау органдарына браконьерліктің жолын кесу бойынша көмек көрсетуде",- деді Қ.Жұманов.

Оның мәліметінше, ішкі істер органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 252 заңсыз аулау, 28 балық пен балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталды. Құқық бұзушылардан 26,7 тоннадан астам балық, оның ішінде 475 кг бекіре тұқымдас балық, 488 аулау және 37 жүзгіш құралы тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны