21.04.2015, 15:43 3809

Бес әскери гарнизонныӊ офицер-психологтары оқу-әдістемелік жиынға қатысты

Алматы облысындағы 32363 әскери бөлімініӊ оқу-жаттығу корпусында ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері офицер-психологтарыныӊ оқу-әдістемелік жиыны болып өтті

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы 32363 әскери бөлімініӊ оқу-жаттығу корпусында ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері офицер-психологтарыныӊ оқу-әдістемелік жиыны болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынныӊ мақсаты жедел міндеттердіӊ ерекшелігін ескере отырып әскери қызметшілердіӊ психологиялық қасиеттерін жетілдіру, психологиялық жұмыстарды ұйымдастырудыӊ бірыӊғай әдісін, сондай-ақ әскери қызметшілердіӊ жеке құрамын психологиялық даярлау әдістемесін әзірлеу болып табылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасыныӊ аға офицері капитан Д.Смаилова жиынға жетекшілік етті. Барлығы кәсіби шеберліктерін жетілдіру жиынына Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарынан 13 офицер-психолог қатысты.

Жиын барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ қатарына әскери қызметке шақыру үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу әдістері және жеке құраммен психологиялық жұмысты жүргізумәселесі талқыланды.

Офицер-психологтардыӊ осындай жиындарға жыл сайын қатысатынын айта кеткен жөн. Аталған іс-шара әскери қызметшілердіӊ барлық санаттарына психологиялық көмек көрсету негізгі жұмысы болып табылатын әскери қызметшілер бойындағы ұйымдастыру-әдістемелік, сонымен қоса іс жүзіндегі даярлығын дамытып, қалыптастырады. Психолог офицерлер әскери қызметшілермен ұдайы топтық, жеке сұхбатар мен тренингтер өткізіп тұрады. Олар ұжымды жете білуге мүмкіндік береді, барша жеке құрамныӊ жылдам бейімделуіне және бірігуіне, сондай-ақ ұжымда жанжалдар туындауыныӊ алдын-алуға ықпал етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны