18.07.2014, 19:19 3174

Биылғы заңдастыру бұрынғыларына ұқсамайды - Қаржы министрлігі

Заңдастыру - 2014 өткен 2006 жылғы заңдастыру науқанынан айырмашылығы жер мен көктей. Дәлірек айтатын болсақ, мұнда заңды тұлғалар алдағы заңдастыру субъектілеріне жатпайды, - деп ҚР Қаржы министрлігінен хабарлады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Заңдастыру - 2014 өткен 2006 жылғы заңдастыру науқанынан айырмашылығы жер мен көктей. Дәлірек айтатын болсақ, мұнда заңды тұлғалар алдағы заңдастыру субъектілеріне жатпайды, - деп ҚР Қаржы министрлігінен хабарлады.

2014 жылдың 30 маусымындағы "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңы заңдастыру аясында қоғамдық қарым-қатынасты ретке келтіреді.

Алдағы жария ету науқаны қолдағы бар мүлікті заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден бұл алдағы уақытта жалпы мағлұмдаудың енгізілуіне байланысты. Азаматқа кейін мағлұмдамада көрсету үшін мүлікті қазір жария ету құқығы беріледі. Екіншіден, шетелдегі мүлікті жария ету кезінде мемлекет бюджетіне жария ету үшін мүлік құнының 10% көлемінде алым түседі.

Айта кетерлік жайт, бұл заңдастырудың 2006 жылғы жария етуден айырмашылығы - заңды тұлғалардың субъекті ретінде қарастырылмауында.

Жалпы, Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының бағалауынша, алдағы жария ету науқанында 2,2 трлн теңге немесе шамамен 12 млрд доллардың мүлкі заңдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны