24.01.2008, 17:34 3037

Былтыр мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлерге заңсыз 853 тексеру жүргізілген-Бас прокуратура

Былтыр мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлерге заңсыз 853 тексеру жүргізілген-Бас прокуратура

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан прокуратура органдары былтырғы жылы мемлекеттік органдары тарапынан кәсіпкерлерге 853 заңсыз тексеру жүргізілгендігін анықтаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің таратқан баспасөз хатында айтылған.

"Өткен жылы шаруашылық субъектілеріне 853 заңсыз тексеру жүргізілген болса , оның 488 шағын кәсіпкерлік саласында жасалған ", - деп айтылған баспасөз хатында.

"Өткен 2006 жылы1117 заңсыз тексеру жүргізілген болатын. Бұл көрсеткішпен салыстырғанда 2007 жылы заңсыз тексерулер саны 27,5 пайызға төмендеген. Кәсіпкерлер арасында территориалдық органдарының құқықтың статистика комитетімен құқықтық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілгендіктен, осындай нәтижелі қорытындыға қол жеткізілді", - деп жазылған құжатта.

Комитеттің мәліметтері бойынша, ішкі істер органдары тарапынан былтыр көп көлемде заңсыз тексерулер жүргізілген -212, қорғаныс министрлігі тарапынан 153, әкімдіктермен-153 және ауыл шаруашылық министрлігімен-74 заңсыз тексеру жүргізілген.

"Территориалдық басқару комитетінде, тексерулерді белгілеу актілерін тіркемеудің үрдісі тұрақталды", - деп айтылған хатта. Былтыр мемлекеттік органдарға тексерулерді жүргізу актілерін тіркеу жөнінде 960 арызы кері қайтарылды. Оның 409 шағын кәсіпкерлікке қатысты актілер болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны