25.03.2019, 21:21 9604

Бірқатар мемлекеттердің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап телефон арқылы сөйлесті

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Нұр-Сұлтан. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Бірқатар мемлекеттердің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті.

Армения Президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Армен Саркисянға ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті.

Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Валентина Матвиенкоға ризашылық айтып, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны