24.10.2006, 09:20 3265

Бір тәулік ішінде Қазақстан шекарашылары Каспий айдынында 100-ден астам браконьерді ұстады

АЛМАТЫ. 24 қазан . Kazakhstan Today. Өткен тәулікте шекарашылар Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 100 астам браконьерді ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Браконьерлердің жолына тосқауыл қойып, Каспий теңізі айдынының биоресурстарын қорғау мақсатында "Батыс"аймақтық басқармасының жүргізіп жатқан шекара операциясы барысында тек өткен түнде шекара ережесін бұзған 109 браконьер ұсталды",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қолға түскендерден 2 тонна бекіре және шабақ тұқымдас балық, 32 қайық , төрт жер серігі навигациялық және байланыс жабдығы, 17 мың метрлік ау , төрт карабин және жүзден астам оқ тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны