01.03.2018, 14:21 4898

Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықта бірлескен бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге 600 миллион теӊге бағытталды

Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықта бірлескен бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге 600 миллион теӊге бағытталды

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықты 2008 жылы бастады. 10 жыл ішінде бірлескен бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге 600 миллион теӊге бағытталды.

Осылайша, 2008-2013 жылдары Қор БҰҰДБ-мен бірлесіп бірқатар жобаларды, оныӊ ішінде "БҰҰДБ-Семей" жобасын жүзеге асырды. Нәтижесінде 154 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 221,4 млн. теӊгеге шағын несиелер алды.

2014-2016 жылдары БҰҰДБ мен Қордыӊ шөлді экожүйелерді сақтау бойынша "Эко-Даму" жобасы іске асырылды. Жобаныӊ мақсаты - өнімді ландшафтарды орнықты пайдалану механизмдерін енгізу және жергілікті қауымдастықты биоәртүрлілікті сақтауға тарту болып бекітілген.275,4 млн. теӊге Барсакелмес және Үстірт мемлекеттік табиғи қорықтары, "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен жоспарланған "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи қорығыныӊ жанында 4 аймақта жобаларды қолдауға бағытталды.

2017 жылы Қызылорда және Маӊғыстау облыстарында Қор мен БҰҰДБ-ныӊ "Қолдау" бірлескен жобасы іске қосылды. Органикалық өнімдерді өндіруге, экологиялық туризмді дамытуға және энергияны тиімді пайдаланатын, су үнемдеуші технологияларды қолдану арқылы қызметтерді көрсетуге 100,2 млн. теӊге бөлінді.

Қызылорда қаласыныӊ Тасбөгет ауылыныӊ тұрғыны Батырхан Дәріқұлов қолөнермен айналысады. Ағаштан жасалынған кәдесыйларды өндіру цехында отбасы мүшелері жұмыс істейді. Өткен жылы қызметті кеӊейту үшін ол шағын несие алу мәселесімен Қордыӊ облыстық филиалына жүгінді. Шағын өндіріс үшін "Қолдау" бағдарламасы нақты көмек болды. Қор бөлген 3 млн. теӊгеге Батырхан Қабылұлы ағаш, құрал-саймандар, басқа да қажетті материалдар сатып алды.

- Біз домбыра, бесік, шахмат пен нарды, астаулар, кәдесыйлар, басқа да ұлттық нақыштағы заттарды жасаймыз, - дейді Батырхан Дәріқұлов. - Несие шарттары өте тиімді: жылдық үстеме - 4%, мерзімі - 4,5 жыл. Қор көрсеткен қаржылай қолдау бізге шаруамызды едәуір кеӊейтуге мүмкіндік берді. Дайын өнімді облыс орталығыныӊ сауда нүктелерінде сатамыз.

Осылайша, Қор мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтыӊ аясында ауыл тұрғындарына 597 млн. теӊге, соныӊ ішінде БҰҰДБ-ныӊ гранттық қаржысы - 380 млн. теӊге, Қордыӊ өз қаржысынан қосқан үлесі - 217 млн. теӊге құрайды.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Думан Оспановтыӊ айтуынша, шағын несиелердіӊ орташа мөлшері - 3 млн. теӊге, сыйақы үсетемесі - жылдық 4%, мерзімі - 4,5 жыл, жылдық тиімді үстеме 4,43%-дан аспайды. Мұндай несиелер коммерциялық несие ресурстарына қол жеткізе алмаған 280 адамға өз бизнесін бастауға, қоршаған ортаны және табиғатты сақтауға көмектесті.

Қордыӊ жоспарларында - БҰҰДБ-мен жасалынған шарттыӊ келесі кезеӊін жүзеге асыру. 2020-2024 жылдары Қорға қарыз алушылардан қайтарылған қаражат есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жанындағы ауылдық елді мекендерінде ауылдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны