21.06.2007, 17:26 2724

Бірқатар аймақтардың Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімшелерінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды - ІІМ

АСТАНА. 21 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның бірқатар аймақтарының Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімшелерінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеу комитетінен.

"Алдын ала тергеуді ұйымдастырудың тиісті заңдылығын бұзуға жол бергені үшін Алматының, Павлодар, Маңғыстау оболыстарының Ішкі істер департаменттері мен Көліктегі Батыс ІІД тергеу бөлімшелерінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды",- деп айтылған ІІМ вице-министрі Алик Шпекбаевтың төрағалығымен өткен тергеу жүргізудің тергеу және сот практикасы мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша әзірленген комитеттің баспасөз баянында.

Баспасөз баянында көрсетілгендей, кеңесте "азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау, тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету Ішкі істер министрлігінің ең басым міндеттерінің бірі болып табылатындығы" атап көрсетілген. "Осыған байланысты тергеу бөлімшелерінің бастықтарына заңдылықты сақтау, жеке құрам арасында қызметтік тәртіпті нығайту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзушылық деректеріне жол бермеуге қатысты профилактиккалық шараларды ұйымдастыру тапсырылған",- деп айтылған құжатта.

Сонымен қатар, кездесуде "қылмыстық істерді тергеудің заңдылығына, сапасына және белгіленген мерзімде тергеуді қамтамасыз етуге қатысты мекемелік бақылауды күшейтуге аса назар аударылған". "Тергеуге дейінгі тексерулер мен қылмыстық істер материалдары бойынша заңды процессуалдық шешімдердің қабылдануын, сонымен қатар қосымша тергеуге қайтарылатын істердің санын төмендетуге ерекше бақылау қою тапсырылды",- деп айтылған мәтінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны