07.12.2009, 18:18 2895

Бішкек қаласында қарақшылық шабуыл арқылы "Манас" әуекомпаниясының президентінен ұрланған "Тойота Ленд Крузер" автомашинасы Қарағанды қаласында табылды

Бішкек қаласында қарақшылық шабуыл арқылы "Манас" әуекомпаниясының президентінен ұрланған "Тойота Ленд Крузер" автомашинасы Қарағанды қаласында табылды

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бішкек қаласында қарақшылық шабуыл арқылы "Манас" әуекомпаниясының президентінен ұрланған "Тойота Ленд Крузер" автомашинасы Қарағанды қаласында табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қараша айында Бішкек қаласында қарақшылық шабуыл жасап, "Манас" әуекомпаниясының президентінен ұрланған "Тойота Ленд Крузер" автомашинасы Қарағанды қаласында табылды",- деді Қ.Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 қарашада Қырғызстанның астанасы Бішкекте "Манас" халықаралық әуежайы" ААҚ- ның президенті Бактыбек Сыдыковқа қарақшылық шабуыл жасалды. Жәбірленушінің айтуынша, кавказ текті үш белгісіз адам оған пышақ көрсетіп қорқыту арқылы күш қолданып, қала сыртына алып шығып, "Тойота Ланд Крузер-200" көлігін, $1900 және 350 евро көлеміндегі ақшасын, автокөлік құжаттары мен төлқұжатын тартып алған. Шабуылшылар Б. Сыдыковты соққыдан кейін көліктен түсіріп, іздерін жасырып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны