08.06.2009, 16:50 3198

Біз дағдарыс кезеңінде барлығын құтқарып қалу мақсатын қойып отырған жоқпыз - мемлекет басшысы (толықтырылған)

"Дағдарыс бізді тазартады. Біз қуатты компанияларды, қуатты бизнесті қолдаймыз... және біздің оларға бөлген ақшамызды олар берекетті пайдаланып, уақытылы қайтарады және өз мүмкіндіктерін арттырады деп сенеміз", -деді президент. "Барлығын құтқарып қалу - біздің мақсат емес. Яғни, дағдарыс кезінде экономика тазарады", - деді мемлекет басшысы.

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Біз дағдарыс кезеңінде барлығын құтқарып қалу мақсатын қойып отырған жоқпыз. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Барлығын құтқарып қалу - біздің мақсат емес. Яғни, дағдарыс кезінде экономика тазарады", - деді мемлекет басшысы.

"Дағдарыс бізді тазартады. Біз қуатты компанияларды, қуатты бизнесті қолдаймыз... және біздің оларға бөлген ақшамызды олар берекетті пайдаланып, уақытылы қайтарады және өз мүмкіндіктерін арттырады деп сенеміз", -деді президент.

"Дағдарыстың дағдарыс деп аталуы да содан, ол қауқарлы мен қарымдыны айқындап береді. Илсіздер банкрот болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге ол мемлекет экономиканы дамытудың жүйелі шараларына баса назар аударуға тиіс екенін атап көрсетті. "Біз дағдарыс жағдайында шұғыл шаралар қолданудан жүйелі әрі жан-жақты оайластырылған шараларды жүзеге асыру тәжірибесіне бетбұрыс жасауға тиіспіз", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

"Біз бұрын да осылай әрекет етіп келдік, ал осы жолы дағдарыс жағдайында "өрт сөндірумен" шұғылдандық, ал осы істермен жүйелі түрде қалай шұғылдану керек екендігін ойластыру керек", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны