19.10.2009, 14:01 2633

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғайтылады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғайтылады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсіріледі", - деді Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақылар мен шәкіртақылар өсіріледі. "Илемдік экономикалық дағдарыстың қиындықтарына байланысты көптеген елдер әлеуметтік шығыстарын қысқартып жатқанына қарамастан, Қазақстанда 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақылар мен шәкіртақылар 25% өсіріледі, әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға өсіріледі", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, үкімет басшысының мәлімдеуінше, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтермеуге ақшаның тапшылығы себеп болып отыр. "Бұл мәселеге айрықша назар аударылуда. "Міне, өз қалтамнан ақша беремін, жалақыны көтерейік" деп айта салу оңай, бірақ қазір бізде мұндай ақша жоқ", - деді Кәрім Мәсімов депутат Владимир Нехорошевтің сауалына берген жауабында.

Үкімет басшысының осы орайда атап көрсетуінше, қазір бұрынғы барлық посткеңестік республикаларда "барлық әлеуметтік төлемдер көтерілу былай тұрсын, тоқтатылған". Бірақ соған қарамастан, оның айтуынша, "1 қаңтардан бстап зейнетақы қиындықтарға қарамастан, көтеріледі".

Кәрім Мәсімов осы орайда депутаттарға "алғашқы мүмкіндік туа сала бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруге" уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны