01.06.2015, 09:06 3966

БҚО соттарында кадрлық ауысулар болды

Елбасыныӊ "Қазақстан Республикасы соттарыныӊ төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығына сәйкес облыс соттарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Қазақстан Республикасы соттарыныӊ төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығына сәйкес облыс соттарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

БҚО сотыныӊ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін Орал қалалық №2 сотыныӊ судьясы лауазымын атқарып келген Қайрат Шалқаров Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ төрағалығына тағайындалса, бұдан бұрын Теректі аудандық №2 сотыныӊ төрағасы қызметін атқарған Аманкелді Төлегенов Зеленов аудандық сотыныӊ, Қаратөбе ауданында судьялық қызмет атқарған Хатима Ерсенова №2 Орал қалалық сотыныӊ судьясы болып бекітілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Орал қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ төрағасы Ғалымжан Ищанов, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриініӊ шешімі бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ судьясы Самат Мақсатов, өз өтініші бойынша Теректі аудандық сотыныӊ судьясы Дәулен Шәкіров атқарып жүрген қызметтерінен босатылды.

Облыстыӊ сот жүйесінде басқа да кадрлық өзгерістер жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, зейнеткерлік жасқа жеткендіктен, Батыс Қазақстан облыстық сотыныӊ судьясы Альфия Ювакаева, БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ төрайымы Ақгүл Қарасаева, Теректі аудандық сотыныӊ төрайымы Зәуреш Жұмашева құрметті еӊбек демалысына шықты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны