20.04.2011, 16:11 4940

БҚО су тасқынынан келген шығын көлемі 10 млрд теңгеден асып жығылады

БҚО су тасқынынан келген шығын көлемі 10 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы үкіметтегі селекторлық отырыстан кейін дәлізде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - БҚО су тасқынынан келген шығын көлемі 10 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы үкіметтегі селекторлық отырыстан кейін дәлізде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шығынның жалпы сомасы 10 млрд теңге шамасын құрамақ", - деді В.Божко.

В.Божконың мәлімдеуінше, шығынның нақты сомасы ертең белгілі болады.

Оның айтуынша, БҚО-дағы су тасқыны өткен жылы ШҚО мен Алматы облыстарында болған су тасқынынан анағұрлым қуатты болып отыр.

"ШҚО мен Алматы облыстарында шығын 7- 9 млрд теңге болған. Бірақ мұнда шығын әлдеқайда жоғары болмақ", - деді В.Божко.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның премьер-министрі К.Мәсімов Батыс Қазақстан облысына Батыс Қазақстан облысына 2011 жылғы республикалық бюджетте көзделген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы Үкімет қаулысына қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны