10.07.2014, 19:24 2999

БҚО-да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту кеңінен қолға алынуда

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша шаруа қожалықтары жетекшілері мен кәсіпкерлердің көшпелі отырысы өтті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша шаруа қожалықтары жетекшілері мен кәсіпкерлердің көшпелі отырысы өтті.

Кездесу нәтижесі бізді көп күттірген жоқ. "БаКС құрылыс ұйымы" ЖШС мектепті күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Егіндікөл ауылының 14 тұрғынын түрлі жұмыспен қамтып отыр. Солардың ішінде үшеуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Алдағы уақытта тағы 8 тұрғын аудан орталығында жаңа жұмысқа орналасады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Аудан орталығының жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі А.Имірхали кездесуде әлеуметтік жұмыстарға жергілікті халық көптеп тартылатын болса, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына өзіндік үлес қосқан болып саналатынын айтты. Илеуметтік жұмысқа орналасуда жұмыс беруші айлықтың тек 65 пайызын төлесе, қалғанын мемлекет береді", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, барлық облыстың ауылдық округтерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары 51 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны