24.01.2022, 18:09 23496

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАҢТАР - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Математика" мамандығы бойынша және "Назарбаев университетінің" магистратурасында "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша білім алған.
 
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
 
2008-2011 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.
 
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
 
Сонымен қатар, "Болашақ" бағдарламасының әкімшісі - орталықтың президенті қызметін атқарған Айнұр Қарбозова өзінің кетуі туралы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
 
Ол мұндай шешімді Президенттің "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгерту туралы тапсырмасынан бұрын қабылдағанын түсіндірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны