31.03.2016, 18:24 7093

"Болашақ" бағдарламасына енетін шетелдік ЖОО тізімі екі есеге қысқарды

"Болашақ" бағдарламасына енетін шетелдік ЖОО тізімі екі есеге қысқарды. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығметов ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияныӊ кезекті отырысынан кейін мәлімдеді

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - "Болашақ" бағдарламасына енетін шетелдік ЖОО тізімі екі есеге қысқарды. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығметов ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияныӊ кезекті отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдан бастап стипендия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Өзгерістер шет тілін білу деӊгейіне, дипломныӊ орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты енгізілді. Биыл мемлекет тарапынан барлығы 700 стипендия бөлінді. Көбі техникалық мамандарға тиесілі", - дейді Ғ.Нығметов.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, елімізде "6+6" деген тілдік дайындықтыӊ моделі қалыптасты. Бұл ағылшын тілін 6 ай Қазақстанда, 6 ай шетелде оқыту моделі. Осындай екі мектеп жұмыс істеп жатыр, біреуі Астанада, біреуі Алматыда. Мектептерде британдық мамандар білім беруде. Стипендия иегерлері келесі 6 айын шетелде оқиды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Бұл модельдіӊ басты мақсаты - қаражатты үнемдеу. Қазір екі есе үнемдеп жатырмыз. Егер біз бұрын шетелге 18 айға жіберсек, қазір 12 айдыӊ ішінде "6+6" моделімен оқытамыз. Бұл уақытта стипендия жүріп жатады. Өйткені, олар жұмыстан босатылуы керек. Олар таӊғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін тіл курстарын оқиды. Жалпы, стипендия иегерлері 6 ай емес, одан жылдам, 4-5 айда жақсы меӊгеріп шығады. Ал жарты жыл шетелде оқу қажет, өйткені, тіл білімінде орта маӊызды. Олар тіл білімін алғаннан кейін шетелде академиялық оқуға көшіп кетеді", - дейді Ғ.Нығметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны