02.11.2012, 17:45 2867

Бүгін Ақордада ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган - ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның екінші отырысы болып өтті

Мемлекеттік хатшы түрлі мекемелер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан қомақты үлесін атап өтті.

Астана. 2-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекеттік xатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган - ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның екінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік хатшы түрлі мекемелер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан қомақты үлесін атап өтті.

"Елбасы өзінің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" стратегиялық мақаласында адам еңбегі лайықты бағалануға тиіс екенін атап өтті. Сондықтан ведомстволық наградалар әрбір қазақстандық үшін мәнді, байыпты стимул болуы керек. Жоғары патриоттық сезімді, Отанға қызмет ету парызын қалыптастыруда адамдарды дер кезінде еңбегі мен ерлігі үшін лайықты моральдық және материалдық марапаттау өте маңызды. Жұртшылықтығ ерекше ықыласы адамның өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін күшейтеді. Ал бұл өз кезегінде таңдап алған істе жоғары мақсаттарға және биік нәтижелерге жетуде оң ықпалын тигізеді" деді М.Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік хатшы дүние жүзінде болып жатқан жаһандық өзгерістер, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның ішкі даму логикасы уақыттың жаңа талаптарына ұлттық құқықтың сәйкесуін талап ететінін атап өтті. Норматүзушілік және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажеттілігі осыған байланысты туындап отыр.

Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы И. Байменов мемлекеттік органдардан келген ұсыныстар туралы ақпарат берді.

Отырысты қорытындылай келе, М. Құл-Мұхаммед қолданыстағы наградалар атауларындағы әртүрліліктерге, дәлсіздіктерге жол бермеу, олардың сыртқы безендірілуіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін атап көрсетті. Наградалар еңбексүйгіштік пен ерліктің дәрежесін, ел экономикасын, мәдениетін, ғылымы мен өнерін дамытуға қосқан жеке үлесті толықтай көрсетуге тиіс.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті құрылымдарға ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны