24.04.2014, 20:59 18385

Бүгін Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісі болып өтті

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алқада 2013 жыл және 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы негізделген іс жүргізу шешімін қабылдауға бағытталған қылмыстар туралы арыздар бойынша бастапқы тексеру әрекеттерінің заңдылығы мен уақытылығының жай-күйі туралы мәселе қаралды.

Алқа жұмысына Президент Икімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі, Кедендік бақылау комитетінің басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, бейнеконференциялық байланыс арқылы - облыстардың прокурорлары, сондай-ақ аймақтық құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Жиналыста атап өтілгендей, құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту аясында қылмыстарды жедел әрі толықтай ашу мен жазаның қолданылмай қалмауын қамтамасыз ету тәрізді қылмыстық процестің басты міндетін жүзеге асыру бойынша бірізді шаралар қабылдануда. Қылмыстарды тіркеу мен есепке алу саласын тәртіпке келтіру және еліміздегі шынайы қылмыстық картинаны қалыптастыру осы жұмыстың алғашқы жемісті кезеңі болды. Қабылданып отырған шаралардың нәтижесінде қылмыстарды жасыру және әртүрлі статистикалық мәліметтерді бұрмалау тәжірибесі жойылуға таяды, қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ұстанымдары қайта қаралды.

Құқық қорғау жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу нәтижесінде қылмыстар туралы хабарламалар бойынша процессуалдық шешім қабылдау жеделдігі айтарлықтай артты: бүгінде осындай арыздардың 93%-ы үш тәулік ішінде шешіледі, жуырда ғана бұл көрсеткіш 60%-дан аспайтын.

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша бастапқы тексеру іс-шараларының сапасын арттыру мәселесінің өзектілігі ең алдымен қабылданғалы отырған жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен байланысты болып табылады, оған сәйкес сотқа дейінгі өндіріс қылмыс туралы арыз тіркелген сәттен басталатын болады.

Бас Прокурор атап өткендей, жаңа жағдайдағы жұмысқа тиімді көшу міндеті тергеу органдарынан өз жұмыстарын тұтастай қайта құруды, кәсібилік деңгейді арттыруды, жауапкершілікті күшейтуді және заңдылықты мүлтіксіз сақтауды талап етеді.

Сонымен қатар, прокурорлық тексерулер барысында қылмыстар туралы арыздарды қабылдау мен тіркеу барысында тергеу органдары қызметкерлері тарапынан жіберілетін өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Тергеу іс-шараларын толық емес және сапасыз жүргізу фактілеріне жол беру жалғасуда, шешім қабылдау мерзімдері негізсіз, формальді негіздермен ұзартылады, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы заңсыз шешімдер шығарылады, іс жүргізушілік шешімдерді оған уәкілеттілігі жоқ лауазымды тұлғалар қабылдайды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура сотқа дейінгі іс-жүргізудің мерзімі жеткен проблемаларын шешуге және қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық сипаттағы ұсыныстар әзірледі.

Бас Прокурор бастапқы процессуалдық іс-шаралар бойынша уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерін нақты регламенттеудің маңыздылығын атап көрсетті, оны мүлтіксіз сақтау дәлелдерді жинаудың мерзімдерін және толықтығын қамтамасыз етуге, демек, қылмысты ашуға мүмкіндік береді. Осыған орай Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мемлекеттік қызметтер тізіліміне қылмыстар туралы арыздарды қабылдау және тіркеу бойынша функцияны енгізу туралы ұсынысы қолдау тапты, осының негізінде барлық құқық қорғау органдарының бұл саладағы бірыңғай регламентін әзірлеу қажет.

А.Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі Өкімімен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша әрбір ведомствоның атқарып отырған іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.

Қадағалау ведомствосының басшысы қылмысты тергеу және ашу жөніндегі салалық қызметтер жұмысын қайта қарау, қызметкерлердің жүктемелері мен функционалдық міндеттерін олардың мамандықтары мен аудандағы криминогендік жағдайды қатаң есепке ала отырып бөлу қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ қылмыстар туралы арыздарды қарау барысында тергеуге тиесілілік туралы заң талаптарын бұлжытпай орындау, әрбір ведомствоның түрлі деңгейдегі бөлімшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып бөлу тапсырылды.

Прокурорларға осы саладағы қадағалауды күшейту, анықталған заң бұзушылықтарға тиісті ықпал ету, жасалған қылмыс туралы өтініштер бойынша тергеу іс-шараларын сапасыз жүргізу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту міндеттері қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны