22.05.2013, 11:58 3235

Бүгін елбасы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді

Иңгімелесу барысында Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік және жекеменшік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгімелесу барысында Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік және жекеменшік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкі бүгінде тиімді диалог алаңына айналған Шетел инвесторлары кеңесін құруға беслене қатысқанын атап өтті.

"Кеңес отырысында инвесторларды толғандыратын барлық мәселе қарастырылады. Сонымен қатар, біз өз тілектеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз. Қазақстан мен Банк арасындағы екіжақты ынтымақтастық серпінді әрі табысты дамуда. Біз елімізді одан әрі дамуытуға бағытталған біздің серіктестігімізді өте жоғары бағалаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Еуропа қайта құру және даму банкі 1991 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуі кезінде жобаларға қаржылық көмек көрсету үшін құрылған. Бүгінде 64 ел және 2 халықаралық ұйым (Еуропа одағы және Еуропа инвестициялық банкі) Еуропа қайта құру және даму банкінің мүшесі болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны