25.05.2012, 12:40 3233

Бүгін елбасы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында оңтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Кеңеске Президент Икімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, оңтүстік облыстардың әкімдері, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының жетекшілері қатысты.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында оңтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңеске Президент Икімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, оңтүстік облыстардың әкімдері, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Президенті маңызды мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына назар аударды.

"Біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай, алайда біз болашақ туралы, бәсекелестік, инновациялық экономика жайлы ойлануға тиіспіз. Өзіміздің бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өндірісімізді дамытпай тұрып, біз XXI ғасырда өркендеген мемлекет құра алмаймыз. Сондықтан біз бүгін елдегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қалай орындалып жатыр және оны одан әрі іске асыру жөніндегі барлық мәселе шешімін тапты ма, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қаншалықты жақсы жағдай жасалғанына талдау жасау үшін осында жиналып отырмыз. Осындай кеңесті мен еліміздің батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде өткізуді жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, біз үшін елімізде тұрғындарды жұмыспен қамту, бизнесті қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және моноқалаларды дамыту салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру маңызды мәнге ие. Бұл бағдарламалардың көпшілігінің әлемде баламасы жоқ, тек біздің республикада ғана бұл осындай ауқымды деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл бастамалық бағдарламалардың негізгі мақсаты - азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру және күшті бәсекеге қабілетті экономика құру. Осы бағыттағы Үкіметтің, өңірлердің әкімдері мен даму институттарының жұмысын үйлестіру қажет", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Ахметов пен Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаев атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

Мемлекет басшысы макроэкономикалық көрсеткіштердің жаман еместігіне және оңтүстік облыстардағы тұрғындардың табысының арта түскеніне қарамастан, одан әрі өсім үшін зор резервтер әлі де бар екенін атап өтті.

"Зауыттарды салып қана қоймай, осы өнімдерді ішкі және сыртқы рыноктарға шығаруды және өткізуді жолға қоюымыз қажет. Қазақстандық үлес жөніндегі бағдарламаны іске асырып, өз өнімдерін шығаратын отандық тауар өндірушілерді ынталандыру керек. Келесі маңызды кезең энергетика мен ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады. Осы бағыттың барлығы да біздің отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанына тағы да назар аударамын. Ир қазақстандық барлық осы бастамалардың іске асатынын өздері де сезінулері тиіс. Ирбір өңірдегі ауқымды жобалардың табысты іске асуы үшін және мемлекеттік қаражатты қатаң түрде мақсатты жұмсалуы үшін облыстардың әкімдері жеке жауап беретінін назарларына саламын", - деп қадап айтты Қазақстан Президенті.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке, оңтүстік облыстардың әкімдеріне, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының жетекшілеріне нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны