01.05.2013, 12:49 2915

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ елі" монументі алаңы алдында қала жұртшылығымен кездесіп, би ұжымдарының мыңнан астам артистері қатысқан мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ, концертте танымал топтар мен орындаушылар өнер көрсетті.

Астана. 1-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ елі" монументі алаңы алдында қала жұртшылығымен кездесіп, би ұжымдарының мыңнан астам артистері қатысқан мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ, концертте танымал топтар мен орындаушылар өнер көрсетті.

Мемлекет басшысы 10 шатырдан тұратын қалашықты аралап көрді, оның әрқайсысында 2-3 этномәдени бірлестік орналасқан. Олар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, ұлттық киімдерін, музыкалық аспаптарын, тұрмыстық заттарын, қолөнер өндірісінің көне бұйымдарын ұсынды.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында бүгін елімізде тамаша мейрам - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекеленіп жатқанын атап өтті.

"Бірлік адамзаттың бүкіл тарихында әрдайым бағаланды. Бірлік арқылы мемлекет пен халық зор биікке жетті, тұрмысын жақсартты, табысты дамыды. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бір шаңырақ астында өмір сүрді. Соның арқасында біз биік белеске көтерілдік, дамыған мемлекет құрдық, халықтың тұрмысын жақсарттық, оны күллі әлемге таныттық. Біздің отанымыз бір, тағдырымыз бір және жеріміз бір. Біздің халқымыздың барлық ұмтылыстары бірлікке негізделген. Ол адамдардың өз болашағы мен балаларының болашағына сеніммен қарауы үшін мемлекеттің қуатты, ал халықтың бақытты болуын қамтамасыз етуге бағытталған",- деді Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға бақыт, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке тіледі.

Астанада барлығы 100-ден астам этнос өкілдері тұрады, 28 этномәдени бірлестік бар, ұлты әртүрлі 568 оқушы білім алатын 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны