C.Ахметов су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді
Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында өңірлердің тасқын кезеңіне әзірлігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Отырыста ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко есептік баяндама жасады.
ТЖМ басшысының мәліметіне қарағанда Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қардың 20%-дан -50%-ға дейін көпжылдық орта мөлшерден жоғары қоры жатыр. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жазық аудандарында қардың қоры бір жарым жылдық мөлшерді құрайды. Сонымен қатар Көксу, Лепсі (Алматы облысы), Бұқтырма, Оба (ШҚО), Тобыл, Торғай (Қостанай облысы), Нұра, Шағалалы (Ақмола облысы), Нұра, Кеңгір, Шерубай-Нұра, Сарысу (Қарағанды облысы) өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірлерде қажетті іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Облыстық мәслихаттар тасқынға қарсы іс-шараларға арналған бюджетті үстіміздегі жылы 5,4 млрд.-тан 14 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.
Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары және Алматы мен Астана қалаларында арық-комуналдық жүйелерді, ағынды су жыралары мен арықтарды, кәріздік құбырларды тазалау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы және Алматы қаласындағы сел жүру қаупі бар аудандар ғарыштық монитроинг бойынша бақылауға алынған.
"Барлық облыстарда ТЖ жағдайына 40 мың тонна көлемінде жанар-жағар май, 285 мың тонна инертті материалдар, 547 мың қап, 91 тонна жарылғыш қоры жасалды",-деді В.Божко.
ТЖМ басшысы сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарындағы Сырдария өзені сағасындағы қатқан мұздың жай-күйі туралы хабарлады.
"Сырдария өзеніндегі су тасқынының алдын алу жұмыстарының маңыздылығын ескере отырып, Қызылордадан Шардара су қоймасына дейін өзен арнасын бойлай тікұшақпен әуеден бақылау жүргіздік. Сондай-ақ, Көксарай су реттегішіндегі жағдайды да көріп қайттық. Еріген мұз көшкінінің жүруі қалыпты, Қызылорда қаласына дейін 180 шақырым қалған. Қызылордадан Аралға дейін мұздың қалыңдығы Оңтүстік Қазақстан облысынан келетін жылы ағыстардың әсерінен жұқара түсуде. Көксарай мен Шардара 2,9 млрд.текше метрге дейін су қорын қабылдай алады, бұл тасқынның қауіпсіз жүруіне мүмкіндік береді",- деді В.Божко.
Отырыста сондай-ақ, өңірлерде тасқынға қарсы шараларды жүзеге асыру барысы туралы облыстар әкімдерінің есептері тыңдалды.
Отырысты қортындылай келе, Премьер-Министр "өңірлер мен ТЖМ- тің басты міндеті - тасқын кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу" екенін атап көрсетті.
С.Ахметов тасқынға қарсы шараларды іске асыруға қатысы бар өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді. "Өзен арналары, арықтар, бөгеттерді бекіту, жол инфроқұрылымдарын, электр және байланыс желілерін сақтауға ерекше назар аударылуы керек. Тұтастай алғанда жағдай бақылауда. Өңір басшылары бақылауды босаңсытпай, үнемі дайындық жағдайында болуы керек", -деп қортындылады Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңдары өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрайды", - деді А. Сапаров.
Бүгінгі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізілуде, 1,5 млн га егілді. Ал жаппай егіс науқаны осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады", - деді А. Сапаров.
2023 жылғы маусымда шегірткелердің таралу аумағының үлкен болуына байланысты, биыл 2,5 млн га алаңда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда", - деді А. Сапаров.
Өткен жылғы жағдайды болдырмау мақсатында, әкімдіктер шегірткелерге қарсы күрес мәселелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарауы керек", - деді А. Сапаров.
Бүгінгі таңда өңірлердің ақпараты бойынша техниканың дайындығы шамамен 98%-ды құрайды, жаппай егіс жұмыстарының басталуына қарай бұл техника 100% дайын болуы керек", - деді ауыл шаруашылығы министрі.
Жалпы, биыл көктемгі дала жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру 580 млрд теңгені құрайды, оның 400 млрд теңгесі қаржы институттарын тікелей субсидиялау тетігі бойынша жылдық таза 5%-бен шаруаларға несие ретінде берілетін қаражат", - деді Айдарбек Сапаров.
Көктемгі науқанды өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша, жаппай егіс науқаны кезеңінде жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіру үшін министрліктің қызметкерлері өңірлерге барады. Тиісті график жасалды", - деді А. Сапаров.
Қабылданған шаралар егіс науқанын сапалы әрі оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді А. Сапаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді
Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері" кәсіби стандарты 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шегірткелер, субсидиялардың кешігуі, құрғақшылық: Үкіметте фермерлердің өзекті мәселелері талқыланды
Субсидияларды бөлу бойынша барлық құқықтар әкімдіктерге берілгендіктен, Сізге, Айдарбек Сейпілұлы, әкімдермен бірлесіп, шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті және тиімді бөлу мәселесін қатаң бақылауға алу қажет. Қаржы осы саладағы ірі ойыншылардың табыс көзіне емес, ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнім көлемін арттыруға ықпал етуі тиіс", - деді Олжас Бектенов.
Оңтүстік үшін сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Жамбыл облысында былтырғыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Су ресурстары және ирригация министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, еліміздің оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс. Туындаған мәселелерді Жедел штаб жұмысы аясында шешу қажет", - деп тапсырды Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Өңірлердегі ЖЭО мен қазандықтарды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу сапасы үкіметтің қадағалауында
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы алдымен апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды. Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі және МАЭК пен "Топар" ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет. Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шаралар қабылданатын болады", - деді Олжас Бектенов.
Қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуға тиіс. Энергетика, Өнеркәсіп министрліктері мен әкімдіктерге қуат көздеріндегі, жылу және электр желілеріндегі жағдайға мұқият талдау жүргізіп, қосымша жөндеу жұмыстарының көлемін айқындауды тапсырамын. Нәтижесі туралы баяндаңыздар. Бұл ретте, республикалық, жергілікті бюджеттерден және инвестициялық бағдарламалар аясында қаржыландырудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қазір негізінен республикалық бюджет қаражаты жұмсалуда", - деп тапсырма берді Үкімет басшысы.
Жөндеу жұмыстарында қауіптер бар. Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8-қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған Жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек. Сонымен қатар біздің елімізде жылу энергиясы өте көп ысырап болады, ол кейбір өңірлерде 20%-ға дейін жетеді. Бұл жылу мен энергияны үнемдеу тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Бізде "Энергияны үнемдеу туралы" заң бар және барлық талаптар бекітілген. Олардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Мен өңірлерге сапарым кезінде Президент тапсырмаларының орындалуын тікелей өзім тексеретін боламын. Жылу орталықтарын, қазандықтар мен жылу және электр желілерін қалыпты жағдайға жеткізу керек. Әсіресе, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баса көңіл бөлу қажет", - деді Олжас Бектенов.
Оқу орындары жоғары білікті инженерлерді, энергетиктерді, гидротехниктерді, энергоаудиторларды, электриктерді және басқа да мамандарды даярлап шығаруы тиіс. Бұған қоса, аға буын кадрлардың білімі мен тәлім-тәжірибесін жастарға беру мәселесін қамтамасыз ету керек. Еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйелердің тұрақты жұмысы осыған байланысты", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
10.05.2024, 10:48Өңірлердегі ЖЭО мен қазандықтарды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу сапасы үкіметтің қадағалауында 10.05.2024, 11:21 20811Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде10.05.2024, 12:57 Шегірткелер, субсидиялардың кешігуі, құрғақшылық: Үкіметте фермерлердің өзекті мәселелері талқыланды19121Шегірткелер, субсидиялардың кешігуі, құрғақшылық: Үкіметте фермерлердің өзекті мәселелері талқыланды10.05.2024, 13:02 18886Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды10.05.2024, 13:05 18256Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді
06.05.2024, 12:23 108501ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан адамдар біржолғы қаржылай көмек алады06.05.2024, 12:30 108326Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңгеден астам қаржы бөлінді06.05.2024, 12:11 108061Алматы - Өскемен тас жолының бойынан ай сайын 100 тоннадан астам қоқыс жиналады06.05.2024, 17:12 104001Қазақстан Республикасының жаңа Цифрлық даму министрі тағайындалды06.05.2024, 16:24 103706Тоқаев су тасқынына қарсы күреске қатысқаны үшін бірқатар әскери қызметшілерге арнаулы атақтар, шендер мен наградалар табыс етті
24.04.2024, 18:17 156611Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154896Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151886Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 148336ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды24.04.2024, 18:19 130941Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады