17.02.2016, 15:24 3740

Д.Абаев Н.Назарбаевтыӊ тіл жөніндегі айтқан сөзіне түсіндірме берді

Дәурен Абаев Ақорданыӊ Facebook-тегі ресми парақшасында Мемлекет басшысыныӊ тіл туралы айтқан сөзіне түсіндірме берді

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ баспасөз хатшысы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәурен Абаев Ақорданыӊ Facebook-тегі ресми парақшасында Мемлекет басшысыныӊ тіл туралы айтқан сөзіне түсіндірме берді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Тілдер туралы" заӊды сақтау жөніндегі кешегі мәлімдемесі әлеуметтік желілерде әртүрлі жаӊғырық туғызды. Президенттіӊ адамдар бір тілде берілген сұраққа мемлекеттік органдардан сол тілде жауап алуы тиіс, деген сөзін кейбір азаматтар түсінбестікпен қабылдады. Мемлекет басшысы бұл арқылы не айтқысы келгенін түсіндіріӊізші?".

Дәурен Абаев: "Өзініӊ сөзінде Президент шенеуніктер мемлекеттік қызмет көрсете отырып, азаматтардыӊ тілдік сауалын ескеруі тиіс екенін қадап айтты.

"Тілдер туралы" заӊда "мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардыӊ азаматтардыӊ өтініштеріне жауаптары және басқа құжаттар мемлекеттік тілде немесе өтініш етілген тілде қайтарылады", деп жазылған.

Шенеуніктер кейде заӊныӊ бір бөлігін ғана ескеретін жағдайлары болып тұрады. Ел Президенті, міне, нақ осындай заӊды жартыкеш түсінетін мемлекеттік қызметкерлерге қарата айтып отыр.

Мысал ретінде ол орыс тіліндегі өтініштерді келтірді, алайда осы қағида билік өкілдері қазақтілді азаматтарға жауап қайтара алмай қалатын жағдайларға да қатысты.

Сондықтан да осы тақырып төӊірегіндегі алаӊдаушылыққа негіз жоқ. Мемлекеттік тілді дамыту - мемлекеттік саясаттыӊ басымдықты бағыттарыныӊ бірі және оны кез келген кемсіту Қазақстанныӊ ұлттық мүдделеріне қайшы келеді".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны