05.12.2007, 18:44 4054

Демографиялық тұрақтылық және су ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше назар аудару керек - үкімет басшысы

Демографиялық тұрақтылық және су ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше назар аудару керек - үкімет басшысы

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Демографиялық тұрақтылық және су ресурстарын ұтымды пайдалану - үкімет қызметінің негізгі бағыттарының бірі және осы мәселеге ерекше назар аудару керек". Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының орнықты дамуы жөніндегі кеңестің (ОДК) төртінші отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов атап өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ендіру, демографиялық жағдайды тұрақтандыру, су ресурстарын пайдалану және Қазақстандағы ауыз суға қол жетімділік, сондай-ақ 2008 жылға арналған ҚР ОДК-тің жұмыс жоспары туралы мәселелер қаралды.

Елімізде орнықты дамуға көшудің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сапалы суға қол жеткізу басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осындай мақсатпен "Ауыз су" салалық бағдарламасы жүзеге асырылады, өзендердегі бассейндер бойынша суды қорғау және кешенді пайдалану сызбасы бекітілді, білікті кадрлар дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес мүшелері сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру, сумен жабдықтау жүйесіне мониторинг әзірлеу және суды пайдаланудың экономикалық тетіктерін құру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Отырысқа қатысушылар демографиялық тұрақтандыру мәселесін қарай келе, қазақстандық қоғамды одан әрі дамыту өмір сүрудің орта мерзімін және елімізде туу өсімін арттырумен сипатталатын орнықты демографиялық жағдайды қалыптастыруға негізделуі керектігін атап өтті.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Солардың қатарында - медициналық алдын ала тексерістер жүргізу, дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін трансферттер бөлу көзделген.

Бұдан басқа, отырыс барысында Кеңес мүшелері Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін маңызды фактор болып табылатын әлеуметтік жауапкершілік тетіктері талқыланды. "мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның әріптестігі негізінде алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкін болады", деп қорытты отырысқа қатысушалар.

Талқылаудың қорытындысын түйіндей келе, премьер-министр еліміздің заңнамасын жетілдіру және Қазақстанда әлеуметтік жаукапкершілік қағидаттарын насихаттау туралы тапсырма берді.

Отырыс жұмысына құрамына парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық сарапшылар, ірі кәсіпорындардың басшылары енген кеңес мүшелері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны