24.01.2011, 18:34 4267

Денсаулық сақтау министрі президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, С. Қайырбекова Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы баяндаған.

"Президент Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді", - деді С. Қайырбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны