18.08.2017, 17:32 6188

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоныӊ 2017 жылдыӊ 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Ағымдағы жылдыӊ І жарты жылдығыныӊ қорытындысы бойынша нәресте өлімі көрсеткіші 10,8%-ға төмендеді,қатерлі ісіктер салдарынан болған өлім-жітім көрсеткіші 5,6%-ға азайды, инфаркт миокарды 5,5% - ға,жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан 8,6% - ға, туберкулез 16,6%- ға төмендеген,- деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Астана. 18 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықтыӊ қорытындысы және алдағы міндеттер бойынша алқа отырысы кеше өтті.
Іс-шараға Қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері, өӊірлердіӊ денсаулық сақтау басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарыныӊ, аумақтық департаменттердіӊ басшылары және т. б. қатысты.

Өз сөзінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мемлекет басшысыныӊ биылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесі алдындамынадай міндеттер тұрғанын: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізу, денсаулық сақтауды ақпараттандыру, барлық дәрілік заттардыӊ бағаларын реттеу керектігін атап өтті.

Бұл аралықта Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды. Аталған Қызметтіӊ құрылуы 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Оныӊ мақсаты: аурудыӊ алдын алу мен денсаулықты нығайтудыӊ қолжетімді және тиімді тетіктерін енгізу. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі нәрестелерді егу және мектеп медицинасы, дұрыс қылық, экологиялық қауіпсіздік, жастар мен ересек тұрғындар арасындағы гигиена мәселелерінен бастап оӊтайлы тамақтану мен қарт адамдардағы созылмалы дегенерациялық сырқаттардыӊ алдын алуға дейінгі өмірдіӊ барлық кезеӊдерін қамтиды. Бұныӊ бәрі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді -қазақстандықтардыӊ өмір сүру сапасын жақсарту және жастарын ұзарту мәселелерін шешуге бағытталған.

Медициналық білім беру жүйесін жаӊғырту, жетілдіру аясында медициналық ЖОО-ныӊ шетелдік серіктестері анықталды. Оқыту бағдарламаларына өзгерістер енгізу, ЖОО-ныӊ өз беттерінше академиялық және басқару мүмкіндіктерін кеӊейту, университет клиникаларын құру, профессорлық-оқытушылық құрамды қайта оқыту шаралары қарастырылатын 5 жылға арналған стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Пилоттық жоба бойынша еліміздіӊ алты колледжінде 320 студент Қолданбалы бакалавриаттыӊ Финдік үлгісі негізінде білім алуда, яғни мейіргерлік білім беру ісін жаӊғырту, жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

1 шілдеден бастап Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ИМСҚ) жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер жарналар аудара бастады. МИМС заӊнамалық базасын жетілдіру аясында 2017 жылдыӊ 30 маусымында МИМС туралы заӊнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді қарастыратын Заӊ қабылданды. Еліміздіӊ 16 аймағында Қордыӊ филиалдары құрылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заӊды жүзеге асыру үшін Министрлік пен басқа да мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілер әзірлеп, қабылдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) аясында мемлекеттік және жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілерге теӊ жағдай жасау мақсатында КТМКК медициналық көмек көрсету қызметін жеткізушілерді таӊдау ережесі қайта қаралды, нәтижесінде бизнес субъектілерініӊ қатысу тәртібі жеӊілдетілді (қажет құжаттар тізбесі қысқартылды, қосалқы мердігер, т.б. тізбесін қалыптастыру талаптары алынып тасталды). Денсаулық сақтау субъектілерініӊ әкімшілік деректерін жинауға арналған есептік құжат нысандары 22%-ға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ алғашқы медициналық құжаттамаларыныӊ нысандары 30%-ға қысқарды.

Балаларды мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу объектілеріне, әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар қолданылатын лабораторияларға, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына, денсаулық сақтау объектілеріне, сауда объектілеріне қойылатын санитарлық талаптар қайта қаралды.

Тұрғындардыӊ санитарлық-эпидемиологиялық саулығына қатысты қауіптілік деӊгейін бағалау мөлшері мен тексеру парақтары қайта қаралды. Яғни, бұл жұмыстардыӊ қорытындысы бойынша тексеру парақтарында көрсетілетін санитарлық талаптар 6 есеге қысқарды. Бұл жекеменшік бизнес қызметін қадағалау және бақылау бағытындағы жүктемелерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Министрліктіӊ бақылау-қадағалау қызметін 38%-ға қысқарту, 14 мемлекеттік қызметті өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық жүйені біріктіру, деректердіӊ біртұтас қоймасын және бірыӊғай кіру нүктесін жасау мақсатында, Дүниежүзілік банк жобасыныӊ аясында Кіріктіру тұғырнамасы енгізілмек. Оны 2017 жылдыӊ соӊында пилоттық негізде пайдалану жоспарлануда. Министрлік, сондай-ақ, ИМСҚ ақпараттық жүйесін құру шараларын жүргізуде. МИМС-ға аударымдар мен жарналар алымдары үшін бұрыннан қолданыста бар, қазіргі уақытта зейнетақы алымдары жиналатын "Төлемдерді өӊдеуді ұйымдастыру" ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Аталған жүйе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптарын ескере отырып, жетілдіріліп, түзетілген.

Қазақстан халқына Жолдауындағы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдыӊ соӊына дейін барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесін енгізуі қажет. Қазіргі уақытта барлық дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру әдісі жасақталды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" ҚР Кодексі мен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне Министрлікке барлық дәрілік заттардыӊ бағасын реттеу құзыретін беру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізіледі. Заӊ жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды, Жол картасы бекітілді және Тұжырымдама әзірленіп, НҚА сайтта ашық талқылауға ұсынылды, сондай-ақ, тіркелген НҚА "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісуге жіберілді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін дәрілік заттардыӊ бағалары реттеледі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) көрсететін медициналық қызметкерлердіӊ жұмыстарын жеӊілдету үшін есептік және есепке алу нысандары 30%-ға азайтылды, ол қағаз жүзіндегі құжат айналымыныӊ қысқаруына, медициналық қызметкерлер жүктемелері мен АМСК ұйымдарындағы кезектіӊ азаюына мүмкіндік береді.

2017 жылдыӊ І жарты жылдығында Ұлт жоспарыныӊ 82-қадамын жүзеге асыру аясында құрылған Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия диагностиканыӊ және емдеудіӊ 61 клиникалық хаттамасы мен 14 медициналық технологияны мақұлдады. Хирургиялық, жақ-бет сүйегі хирургиясы, неонатальды хирургиялық көмек көрсету стандарттары әзірленді. Жыл соӊына дейін 180 клиникалық хаттама (оныӊ ішінде 98 жаӊа, 82 бұрынғы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудыӊ 8 стандарты) әзірлеу және жетілдіру жоспарланған. Қазіргі уақытта ОКК өзін-өзі реттейтін ұйымға беру жұмыстары жүргізілуде, ол мемлекетпен бәтуалықта кәсіби қауымдастықпен өздері шешім қабылдауларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іріктеу және алдағы уақытта мемлекеттік органныӊ кейбір қызметтерін беру үшін кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметініӊ белгіленген өлшемдерге сәйкестігін бағалау мақсатында, оларды акредитациядан өткізеді.

Анықтама үшін: Ағымдағы жылдыӊ І жарты жылдығыныӊ қорытындысы бойынша нәресте өлімі көрсеткіші 10,8%-ға төмендеді,қатерлі ісіктер салдарынан болған өлім-жітім көрсеткіші 5,6%-ға азайды, инфаркт миокарды 5,5% - ға,жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан 8,6% - ға, туберкулез 16,6%- ға төмендеген,- деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны