20.09.2006, 14:14 2550

Депутаттар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл келісімде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы түрлі салалардағы одақтастық байланыстардың басты бағыттары айқындалған",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімге сәйкес, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мынадай бағыттарда, атап айтсақ, ұлттық заңнамаларлы үйлестіру, өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біртұтас саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны қорғау мен әскери құрылым саласында ортақ принциптерді жасау, қаржылық, ақша-қарыз және бюджет жүйелерін үйлестіру, ортақ инфрақұрылым қалыптастыру, көлік-коммуникациялық және энергетикалық жүйелерді біріктіру.

"Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Жоғарғы мемлекетаралық кеңес құру көзделген. Оның іс-қызметін сыртқы істер министрлерінің кеңесі үйлестіреді",- делінген қорытындыда.

Келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны