10.06.2014, 21:07 3150

ДСМ ауданаралық 40 жарақат бөлімін ашпақ

"Оқыс оқиғалар, жарақат пен улану салдарынан келетін кісі өлімін азайту мақсатында ауданаралық 19 жарақат бөлім ашылған. Бұлардың қатарына алдағы уақытта тағы 40 бөлім қосу жоспарланып отыр", - дейді министр.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан кісі өлімінің санын азайту мақсатында ауданаралық 40 жарақат бөлім ашылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

"Оқыс оқиғалар, жарақат пен улану салдарынан келетін кісі өлімін азайту мақсатында ауданаралық 19 жарақат бөлім ашылған. Бұлардың қатарына алдағы уақытта тағы 40 бөлім қосу жоспарланып отыр", - дейді министр.

Жалпы, оның мәліметінше, ЖКО нәтижесінде жылына 3 мыңдай қайғылы жағдай орын алады. Одан шамамен 29 мыңдай адам зардап шегетін көрінеді.

"Осыған орай Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан кісі өлімі мен жарақат алу деңгейін азайту жоспарланып отыр", - дейді министр.

"Травматикалық қызметті нығайту үшін біз жедел медициналық санитарлық көмек көрсету кезінде "алтын сағат" қағидасын ұстана бастадық. ЖКО кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұзақмерзімді және госпитальданған кезеңде ЖКО-дан зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі енгізілді. Бүгінде 26 трассалық медициналық-құтқару пункті ашылды, енді 14-ін ашу ойда бар", - дейді С.Қайырбекова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны