22.06.2017, 16:14 2748

Дүниежүзі қазақтары құрылтайыныӊ делегаттары Ақмола облысыныӊ этноауылында болды

Этноауылды Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин және Дүниежүзi қазақтары құрылтайыныӊ делегаттары аралап көрдi. Делегаттар мен Астана қаласыныӊ тұрғындары және қонақтары мәдени бағдарламаға толы шараны тамашалады.

Көкшетау. 22 маусым. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" көрмесi аясында Астана қаласында өтiп жатқан Ақмола облысыныӊ күндерi "Қазанат" атшабарында орналасқан этноауылда жалғасын тапты. Мұнда облыстыӊ еӊ үздiк шығармашылық ұжымдары "Дала сыры" концертiн өткiздi. Ал, cәндiк-қолданбалы өнер шеберлерi қазақ халқыныӊ салт-дәстүрiнен сыр шертетiн ұлттық бұйымдардыӊ көрмесiн ұйымдастырды.

Этноауылды Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин және Дүниежүзi қазақтары құрылтайыныӊ делегаттары аралап көрдi. Делегаттар мен Астана қаласыныӊ тұрғындары және қонақтары мәдени бағдарламаға толы шараны тамашалады. Айта кетейiк, астаналықтар Ақмола облысыныӊ сәндiк-қолданбалы өнер туындылары көрмесiн аталмыш этноауылда маусымныӊ 25-iне дейiн көруiне болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны