29.05.2014, 20:29 1742

ЕАЭО туралы Келісім - жаңа кезеңнің бастамасы - С.Рекеда

Қазақстан бүгінгі таңда дамушы мемлекеттердің брендіне айналып үлгерді, енді осы үрдісті жаңадан құрылып отырған Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына дарыту керек, деп бүгін Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі Ақпараттық-Аналитикалық орталығының Директоры Сергей Рекеда мәлімдеді.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан бүгінгі таңда дамушы мемлекеттердің брендіне айналып үлгерді, енді осы үрдісті жаңадан құрылып отырған Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына дарыту керек, деп бүгін Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі Ақпараттық-Аналитикалық орталығының Директоры Сергей Рекеда мәлімдеді.

"Бүгінгі ЕАЭО туралы Келісімге қол қою оқиғасы жаңа кезеңнің басы іспетті, менің ойымша. Бұл бастама ғана, алдағы уақытта біз бірлесе отырып өз экономикамызды алға ілгерілету жолында қыруар жұмыс атқаратын боламыз. Еуразиялық одақтың құрылуын қазіргі таңда тек қана ішкі сарапшылар ғана емес, сонымен қатар үшінші мемлекеттердің өкілдері де жоғары бағалап жатқаны анық. Бұл әсіресе батыстың, Еуропаның сарапшылар тобына қатысты", - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің бірлесе қолға алған одағына шет мемлекеттер оң бағасын беруде. Еуразиялық интеграцияны қазіргі таңда Еуропа мойындап отыр.

"Экономикалық қатынастар негізінде құрылған одақтың жұмыс күші мен капиталы және тауардың еркін айналымында қоғамның тонның ішкі бауындай араласатыны қалыпты жағдай. Осы тұрғыда бүгінгі құрылып отырған Еуразиядық экономикалық одақ заманның ең алпауыт күшіне айналары сөзсіз. Күні ертең Еуропа одағына бәсекелес болуға әбден жарайды", - дейді С.Рекеда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны