17.06.2022, 16:01 50816

Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Сурет: www.gov.kz
ПАВЛОДАР. 17 МАУСЫМ - 2022 жылдың 27 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Павлодар облысының Экология департаменті Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты бірінші жартыжылдық жоспарлы тексеру жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тексеру барысында 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген рұқсат етілген квоталар көлемінен асып кету бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қолданыстағы жүйесі шеңберінде кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады. 
 
Заңнама талаптарына сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квоталар көлемін жабуға мәжбүр болды.
 

Аталған бұзушылық негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 33 301 625 мың теңгені құрайды", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны