Система Orphus

Экология министрі Атырау қаласының әкімдігі мен Атырау Мұнай өндеу зауытынан шығарындылар мен ауаның жай-күйі туралы барлық ақпаратты ашық беруді талап етуде

30.07.2020 6022

Алматы. 30 шілде. Kazakhstan Today - Экология министрі Атырау қаласының әкімдігі мен Атырау Мұнай өндеу зауытынан шығарындылар мен ауаның жай-күйі туралы барлық ақпаратты ашық беруді талап етуде.

Атырау қаласының тұрғындары қаланың экологиялық проблемаларын шешу жоспарын жасауға қатысады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

"Соңғы бірнеше жылда Атырау ауаның ластануы бойынша "көшбасшылардың" қатарында. 2020 жылы 100-ге жуық зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кету жағдайы тіркелді. Тұрғындардың әлеуметтік желіде өңірдің қынжынарлық экологиялық жағдайына шағымдануы түсінікті", - деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде.

Өткен кеште өңірдегі эко-белсенділермен, әкімдіктермен және қала кәсіпорындарымен онлайн-кездесу өткізіліп, оның барысында негізгі проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталды.

"Атырау МӨЗ басшылығынан зауыттың шығарындылары туралы мәліметтерді жариялау жұмысын тездетуді сұрадым. Бұл ақпарат халыққа ашық болуы керек. Сондай-ақ, қала басшылығының назарын ауаның жай-күйін LED-экрандарға шығару қажеттігіне аудардым", - деп атап өтті министр.

"Кездесуден кейін біз қоғам белсенділерімен Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешудің жоспарын, жол картасын жасауға келістік. Таяу уақытта карта қабылданып, әкімдік оны жүзеге асыруды бастайды. Қоғаммен бірге біз өңірдегі барлық экологиялық проблемаларды біртіндеп шешеміз деп сенемін. Барлығыңызға қатысқандарыңыз және белсенді көзқарастарыңыз үшін рахмет", - деп жазды Экология министрлігі басшысы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны