15.01.2013, 16:19 3193

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қосымша 5 млн еуро бөлінетін болды

Бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев ЭКСПО-2017 Қолдау қорының қаражатын тиісті шараларды ойдағыдай өткізу үшін тағы 5 млн еуромен толықтыру туралы мәселе Сыртқы істер министрлігімен келісілгенін мәлімдеп, Үкіметтен аталған қаржыны "Самыұрық-Қазына" қорынынан акционердің пайдасына бөлу туралы тармақты енгізуін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қосымша 5 млн еуро бөлінетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев ЭКСПО-2017 Қолдау қорының қаражатын тиісті шараларды ойдағыдай өткізу үшін тағы 5 млн еуромен толықтыру туралы мәселе Сыртқы істер министрлігімен келісілгенін мәлімдеп, Үкіметтен аталған қаржыны "Самыұрық-Қазына" қорынынан акционердің пайдасына бөлу туралы тармақты енгізуін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"ЭКСПО-2017" көрмесінің Қолдау қоры қол қойылған меморандумдардағы міндеттемелерді орындау аясында Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдермен ынтымақтастық орнату жұмыстарын жалғастырады. Қазіргі таңда тиісті шараларды өткізу үшін "ЭКСПО-2017" қолдау қорының қаражатына қосымша қажетті 5 млн еуро бөлу туралы мәселе Сыртқы істер министрлігімен келісілді. Осыған байланысты, Үкімет отырысының хаттамасына аталмыш соманы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның қаражатынан акционердің пайдасына бөлу туралы тармақты кіргізуді сұраймыз", - деді Экономикалық даму және сауда министр.

Үкімет қосымша 5 млн еуро бөлу туралы ұсынысты қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны