01.12.2012, 13:10 3219

Елбасы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ зауытын аралады

Зауытты аралау кезінде Қазақстан Президенті тоқтаусыз әзірлеме құю машинасының жұмысымен танысты және шаршы әзірлеменің соңғы өнімдерін алу процесін көрді.

Қарағанды. қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ зауытын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Зауытты аралау кезінде Қазақстан Президенті тоқтаусыз әзірлеме құю машинасының жұмысымен танысты және шаршы әзірлеменің соңғы өнімдерін алу процесін көрді.

Изірлемені құюды дайындайтын машина радиалды типтегі құю машинасы санатына жатады және тұрақты жұмыс істейтін агрегат ретінде белгілі. Онда шаршы әзірлеменің ақтық өнімі алынатын сұйық болат үнемі қиялай құйылады.

Бұл машинаның жұмыс істеуіне қажетті шикізат - қорытылатын конвертердегі сұйық болат. Жобаның ерекшелігі - шаршы әзірлемені дайындауда өз өндірісімізді құру, сапалы сортты прокат шығару, шығарылатын өнімдер түрін көбейту және қосымша жұмыс орындарын ашу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны