07.03.2012, 12:31 3835

Елбасы "Астана Арена" спорт кешенінде болып қайтты

Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінде болып, футболдан Қазақстанның Суперкубогы үшін "Шахтер" (Қарағанды) мен "Ордабасы" (Шымкент) командалары арасында өткен ойынды тамашалады.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы "Астана Арена" спорт кешенінде болып қайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінде болып, футболдан Қазақстанның Суперкубогы үшін "Шахтер" (Қарағанды) мен "Ордабасы" (Шымкент) командалары арасында өткен ойынды тамашалады.

"Ордабасы" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Президент жеңімпаздарға Қазақстанның Суперкубогын тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны