20.04.2015, 18:53 3568

Елбасы «Ауылым - алтын бесiгiм» форумына қатысты

Жиналғандарға сөз арнаған Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ел азаматтары үшін бүкіл әлемге есік ашық екенін, бірақ Қазақстан баршаныӊ қайта оралуға тырысатын орны болып қала беретінін атап өтті.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Алматы облысына жұмыс сапары аясында өткен іс-шараға Қарасай ауданыныӊ 5 мыӊнан аса тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиналғандарға сөз арнаған Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ел азаматтары үшін бүкіл әлемге есік ашық екенін, бірақ Қазақстан баршаныӊ қайта оралуға тырысатын орны болып қала беретінін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Қазақстандықтардыӊ еӊбегініӊ арқасында біздіӊ республикамыз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға жетті, Тәуелсіздігін нығайтып, танымал әрі беделді елге айналды. Бүгінде біздіӊ ынтымағымыздан өзге мемлекеттер үлгі алып жатыр. Мен үшін бүкіл Қазақстан алтын бесік саналады, баршамызға да солай болуға тиіс. Адам өзініӊ балалық шағы өткен жерді ешқашан ұмытпайды, Үшқоӊыр - мен үшін осындай жер. Жетісудыӊ саф ауасы мен салқын самалын басқа жерден табу қиын. Ғажайып табиғат, сүйікті тауларымыз жылдар өтсе де, бұрынғыдай керемет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ғылым мен өнердегі және басқа салалардағы көптеген көрнекті тұлғалардыӊ ауылдан шыққанына назар аударды.

- Ауыл - халық руханиятыныӊ діӊгегі, мәдениетініӊ мәйегі, елдігініӊ бастауы, дәстүрініӊ қайнар көзі. Қарасай жері ежелден көпэтникалық мәдениетімен белгілі, мұнда түрлі халықтар мен этностардыӊ өкілдері өмір сүріп келеді. Олар бізге әкелеріміз арқылы берілген бірліктіӊ, татулық пен келісімніӊ рухын сақтады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттіӊ өӊірлерді дамыту жөніндегі жүйелі саясатыныӊ нәтижесін бүкіл елден көруге болатынын айтты.

- Мен бұл өлкеніӊ қалай гүлденіп келе жатқанын ұдайы назарымда ұстаймын және шын қуанамын. Былтыр Алматы облысында 20 мыӊ жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша өӊірде құны 283 миллиард теӊге болатын 48 жоба жүзеге асырылды. Соӊғы екі жылда жолдарды қалпына келтіруге бір миллиард теӊгеден бөлінді. "Орталық - Оӊтүстік" және "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" магистралдерініӊ осы өӊірдегі учаскелерініӊ құрылысына 50 мыӊнан астам адам қатысатын болады. Былтыр облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысыныӊ әлеуметтік ахуалы жақсарғанын атап өтті.

- Былтыр өӊірде 720 мыӊ шаршы метр баспана салынды. Соныӊ жартысына жуығы - Қарасай ауданында. Қаскелеӊ қаласындағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде ғана үш мыӊға жуық отбасы қоныс тойын тойлады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бір кездері арасы шалғай болған Алматы мен Қаскелеӊ бүгінде қосылып кеткеніне назар аударды.

- Алматы сияқты аса ірі қаланыӊ жақын орналасуы ауданныӊ дамуына оӊ ықпал етеді. Қарасай ауданында бүкіл облыс өнімдерініӊ үштен бірі өндіріледі, мұнда 20 шақты ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы ауданда дәрігерлік амбулатория, 4 мектеп және бір балабақша пайдалануға берілді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті жастарға жағдай жасау мәселесін де атап өтті.

- "Дипломмен - ауылға!" жобасы бойынша Алматы облысына ғана 4 мыӊ маман барды. Бүкіл Қазақстан бойынша жастар "Еӊбекпен қамту - 2020" бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналастырылуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ауылға деген қамқорлық өткенніӊ табысына сүйенетін елдіӊ болашағына деген қамқорлықты білдіретінін айтты.

- Биыл мемлекеттік деӊгейде атап өтілетін тарихи даталармен бірге Сүйінбай ақынныӊ да 200 жылдығы таяп келеді. Келер жылы Жамбылдыӊ 170 жылдығы болады. Бұлар - осы өлкеде туған ірі тұлғалар. Өскелеӊ ұрпаққа олардыӊ өмірін үлгі ету үшін мерейтойларын атап өткен жөн, -деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жасампаз еӊбекті қолдауға, азаматтардыӊ бақуаттылығын қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсалып отырғанына назар аударды.

- Еӊбек Адамы арнайы ордені тағайындалды. Біз бәріміз өз еӊбегімізді және осы жылдары Қазақстанымызды соншалықты биікке көтере алғанымызды мақтан ете аламыз. Енді жаӊа асуларды алуға тиіспіз. Сондықтан мен "Нұрлы жол" бағдарламасы мен халықтық бес реформаны ұсындым. Осы бағдарламалар арқасында біз үздік жетістіктерге жетеміз, ал әлемніӊ еӊ дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылу ниетіміз лайықты мақсатқа айналады, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы баршаға денсаулық, табыс пен бақ-береке тіледі.

Форум барысында Алматы облысы жұртшылығыныӊ өкілдері сөз сөйлеп, ауылды дамыту мәселесіне көӊіл бөліп отырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны