05.07.2006, 16:55 2886

Елбасы білім беру заңнамасына енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Президент “Білім беру мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Білім беру туралы” және “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын қызметке тағайындау және босату Қазақстан президентінің құзырына беріледі деп көрсетілген. Сонымен бірге “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, білім игергені туралы арнайы қорғауды талап ететін мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындауға қажетті тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстар мемлекет сатып алатын тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстардың тізімге енгізілмек.

Өзгерістер мен толықтырулар білім беру сапасын арттыруға, ЖОО ректорларының құқықтық мәртебесін көтеруге, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануды жеделдетуге, білім беру қызметінің сапасы үшін ректорлар жүктейтін жауапкершілікті күшейтуге септігін тигізбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны