28.05.2013, 10:18 4437

Елбасы Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесу өткізді

Кездесуге Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің төрағасы - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ЕЭК кеңесі мүшелері - Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов және "Беларусь Республикасының Даму банкі" ААҚ Басқармасы төрағасы Сергей Румас қатысты.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуге Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің төрағасы - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ЕЭК кеңесі мүшелері - Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов және "Беларусь Республикасының Даму банкі" ААҚ Басқармасы төрағасы Сергей Румас қатысты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев 29 мамырда Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтетінін атап өтті. Оған қоса биыл тағы екі отырыс жоспарланған.

"Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің үш отырысы өткізілуі қысқа мерзім ішінде барлық интеграциялық құжаттарды қабылдап үлгеру қажеттігіне байланысты. Атап айтқанда, біз 2014 жылғы 1 мамырға қарай 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім жобасын әзірлеуді аяқтауға уағдаластық. Бізде жұмыс көп, әртүрлі құжаттарды келісуді тұрақты және жүйелі түрде жүргізу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Кеден одағы мен Еуразия экономикалық кеңістігі жұмысы оң нәтиже бергені анық екенін, соның ішінде, үш елдің экономикасы арасында тауар айналымының артуы мен өзара тығыз ықпалдастықтың дамуы тиімділік көрсеткіші болып саналатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны