17.11.2015, 18:42 4634

Елбасы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ дайындық мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы ЭКСПО көрмесі отандық экономикаға және жаӊа технологияларды игеру ісіне серпін бере алатын ұлттық жобаға айналғанын айтты. Сондай-ақ көрме нысандарыныӊ құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Отырысты ашқан Мемлекет басшысы ЭКСПО көрмесі отандық экономикаға және жаӊа технологияларды игеру ісіне серпін бере алатын ұлттық жобаға айналғанын айтты. Сондай-ақ көрме нысандарыныӊ құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көрменіӊ ашылуына бір жарым жыл қалды. Барлық құрылыс жұмыстары келесі жылдыӊ күзіне дейін аяқталуы тиіс. Күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, біз көрмені дайындауға қажетті барлық қаражатты бөліп жатырмыз. Құрылысқа Қазақстанда мол жұмыс тәжірибесі бар мердігерлерді тарттық. Сондай-ақ Миландағы көрмені өткізу тәжірибесін тыӊғылықты зерделедік. Сондықтан ЭКСПО-ны ұйымдастыру ісіне қатысты түсініксіз ештеӊе жоқ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев,

Қазақстан Президенті шығыстарды оӊтайландыру мақсатында барлық әрлеу жұмыстарын отандық өнімдерді барынша пайдалана отырып жүргізу қажеттігіне назар аударды. Бұл мәселе айрықша бақылауға қойылды. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы көрменіӊ жарияланған тақырыпқа сай мазмұнмен толығуы мәселесіне назар аударды.

Барлық жерде, шетелдерге сапар кезінде, елдердіӊ лидерлерімен, ірі компаниялардыӊ басшыларымен кездесулерде мен "ЭКСПО-2017" туралы айттым. Олардыӊ бәрі алдағы көрмеге зор қызығушылық танытып, қатысуға дайын екендерін мәлімдеді. Осыны пайдалана білген жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұл бағыттағы жұмыстыӊ жанданғанын айта келіп, әрі қарай жалғастыруды тапсырды.

Ұлттық және трансұлттық компаниялардыӊ әлеуеті мүлде пайдаланылып отырған жоқ. Бұл жалпықазақстандық іс болғандықтан, олар да көрмеге қатысуға тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардыӊ барлығын тарту керек, олар да өз үлесін қосулары керек. Жер қойнауын пайдаланушы 39 компанияныӊ тек екеуімен ғана ынтымақтастық туралы меморандумға және демеушілік туралы бір ғана шартқа қол қойылған. Бұл жеткіліксіз, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмыс кезінде олардыӊ беделін "ЭКСПО-2017" көрмесіне жаӊа технологияларға ие Siemens, Samsung, Toyota сияқты және басқа озық компанияларды тарту үшін пайдалану керектігін айтты.

Жер қойнауын пайдаланушылардыӊ осындай компаниялармен жолға қойылған байланыстары бар, олардан миллиардтаған қаржыға жабдықтар мен технологиялар алады. Біз осы байланыстарды барынша пайдалануға тиіспіз. Жер қойнауын пайдаланушылардыӊ әрқайсысы әлемдік брендтермен "ноу-хауларыныӊ" алғашқы таныстырылымын біздіӊ көрмеде жасауы керектігі жөнінде уағдаласқаны абзал. Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары Б.Сағынтаев "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ дайындығына Үкіметтегі жауапты тұлға ретінде осы мәселелермен айналысуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еӊ алдымен балама технологиялар саласындағы көшбасшы елдерді тарту қажеттігіне назар аударды.

Қатысушылардыӊ сандық құрамы маӊызды, бірақ өздерін жаӊа әзірленімдер саласында көшбасшы ретінде танытқан елдерді тарту мәселесі одан да өзектірек. Бұл мәселе Үкімет пен Сыртқы істер министрлігініӊ айрықша бақылауында болуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті көрмеде Қазақстанныӊ мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін көрсетудіӊ маӊыздылығын айтты.

Отандық мәдениет қайраткерлерініӊ өнер көрсетуіне басымдық беру керек. Мәдени-думанды шаралар көрме аумағында ғана емес, бүкіл қалада өтуі қажет. Музейлер, көрмелер мен театрлар қонақтарды еӊ жоғары деӊгейде қарсы алуға дайын болуы тиіс. Мәдени-думанды шаралар жоспары әлі күнге дейін келісілген жоқ. Барлық мемлекеттік органдардыӊ үйлесімді қызмет еткені керек, осы жұмысты жеделдетуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев көрменіӊ дайындығы мен өткізу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудіӊ де мән-маӊызына тоқталды.

Көрмедегі бұқаралық шаралар кезінде қандайда бір келеӊсіздіктерге жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бұл шараларды бүгіннен бастап пысықтаған жөн. Арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдары қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуі тиіс. ІІМ, ҰҚК және "Сырбар" осы бағыттағы үйлесімді жұмысты жалғастыруға тиіс, елорданыӊ және көрменіӊ қауіпсіздігі осыған байланысты. Қауіпсіздік кеӊесіне осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы көрмеге қатысушылар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасап, көрмеге келудіӊ тыӊғылықты кестесін әзірлеу қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ өзге бағыттарды да, соныӊ ішінде еріктілерді дайындау, өз отандастарымыздыӊ көрмеге қолжетімділігін қамтамасыз ету жайын тиянақты ойластыру керектігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті Үкіметке барлық мәселені тиісті деӊгейде үйлестіруді және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы үнемі баяндап отыруды тапсырды.

Соӊында Мемлекет басшысы алдағы көрме бүкіл қазақстандықтар үшін маӊызды шара екеніне тағы да назар аударды.

Илемде дағдарыстық ахуал байқалып отыр, ол біздіӊ елге де әсер етуде. Соған қарамастан, Қазақстан халықаралық көрмеге дайындықты, индустриялық саясат аясында жаӊа нысандар салуды, жаӊа жұмыс орындарын ашуды жалғастыруда. Бұл біздіӊ экономиканыӊ қарқыны мен мүмкіндіктерін көрсетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеӊесте көрмеге дайындық пен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ орындалу барысы туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы А.Есімов баяндама жасады. Ол көрме кешені құрылысына арналған шығыстарды оӊтайландыруға айрықша көӊіл бөлді. Атап айтқанда, компания құрылымын өзгерту аясында департаменттердіӊ қызметі нақтыланып, басқарма төрағасыныӊ орынбасарлары мен басқарушы директорлар саны екі есе қысқарды. Бұл 150 миллион теӊгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

А.Есімов кейбір сәулет-құрылыс жобаларын қайта қарау есебінен шығыстар көлемі 78 миллиард теӊгеге азаятынын, бұл ретте жалпы сәулет келбеті мен нысандардыӊ функционалдылығы сақталатынын атап өтті.

Бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалану тиімділігіне айрықша назар аударылды. Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мен отандық кәсіпкерлерді тарту да үнемдеу шараларыныӊ бірі болып саналады. 10 өӊірмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, нәтижесінде 20 мыӊнан астам адамды жұмыспен қамтыған 220 отандық кәсіпорын құрылысқа тартылды. 30 миллиард теӊгеніӊ өнімі жеткізілді, - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы.

Сонымен қатар ұлттық компания басшысы көрме имиджін ілгерілету және оны тақырыптық жағынан толықтыру жұмыстарыныӊ барысы туралы да баяндады. А.Есімовтіӊ атап өткеніндей, бүгінде 53 ел және 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған.

Кеӊес барысында сондай-ақ Энергетика министрі В.Школьник, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Инвестициялар және даму министрі И.Исекешев, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Астана қаласыныӊ әкімі А.Жақсыбеков және мердігерлік ұйымдардыӊ басшылары сөз сөйледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны