18.09.2015, 13:37 4365

Елбасы Израильдіӊ бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесті

Кездесу барысында өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеӊейте түсудіӊ негізгі аспектілері туралы сөз қозғады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сапарлап келгені және елдеріміздіӊ арасындағы достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Ш.Переске алғыс айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны