01.12.2012, 14:11 3473

Елбасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды

Оқу орнын аралай жүріп, Мемлекет басшысы университеттің профессор-оқытушы құрамымен, студенттермен, бұрынғы курстастарымен әңгімелесті.

Қарағанды. 1-қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оқу орнын аралай жүріп, Мемлекет басшысы университеттің профессор-оқытушы құрамымен, студенттермен, бұрынғы курстастарымен әңгімелесті.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - Қазақстандағы ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.

Университет республиканың "Электронды Университет" мәртебесіне ие жоғары оқу орындарының алтылығына кіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашақ зияткерлік элитасы болып есептелетін, мектептердің үздік оқушылары - түрлі олимпиада жеңімпаздары, медаль иегерлері қатысқан "Салтанат" балын тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны