26.07.2006, 17:48 2801

Елбасы қауіпсіздік Кеңесінің арнайы тобымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік Кеңесінің арнайы тобының мүшелерімен мәжіліс өткізіп, жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады, деп хабарлайды елбасының баспасөз-қызметі.

Кеңес жұмысына сондай-ақ, бас прокурор Рашид Түсүпбеков және ішкі істер министрі Болат Мұхамеджанов қатысты. Кездесу барысында, маусым айында өткен қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін 24 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылып, 8 лауазым иесі қызметінен шеттетілгені, 54 шенеуіктің қатысы бар 48 қылмыстық іс, жемқорлыққа қатысты құқық бұзу фактісі бойынша 21 материал бақылауға алынғаны айытылды.

Алайда, ахуалдың әлеуметтік қауіпі болғандықтан, елбасы арнайы топқа тек белгіленген істерді бақылаумен шектелмеуді тапсырды.

Исіресе, елбасы тұрғын үй құрылысы саласындағы заң бұзушылық фактілеріне қамкөңілдік танытты. Алғашқы жарты жылдықта қаржы полициясы осы салада 54 қылмыстық іс қозғаған. Үлестестерге және несие ұйымдарына 5,7 млрд. теңге шығын келтірілген.

"Мұндай экономикалық қылмыстарды жемқор лауазым иелерінің араласуынсыз жасау мүмкін емес", - деп атап өтті президент. "Бұл, былай айтқанда, құқыққорғау және өзге билік органдарындағы байланыстарды пайдалана отырып меншікті басып алудағы "жорыққа" жатады", - деді елбасы.

Осыған байланысты, Н. Назарбаев ҰҚК мен қаржы полициясына аталған істерді жан-жақты тексеріп, шендері мен лауазымдарына қарамастан кінәлі қызметкерлерді жауапқа тартуды тапсырды.

Баспасөз-қызметінің мәліметіне қарағанда, маусым айынан бері елбасының және арнайы топтың атына заңды және жеке тұлғалардан 140 арыз түскен. Олардың басым бөлігі ішкі істер органдары (36 арыз), прокуратура (21 арыз), қаржы полициясы (17 арыз) қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданған.

Елбасы қауіпсіздік Кеңесінің арнайы тобына шағымдарда көрсетілген жексұрын фактілерді бақылауға алып, қортындысын президентке баяндап тұруды тапсырды. "Ирбір былыққа жіті тексеру жүргізіліп, кінәлілер жазаға тартылады", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, елбасы орталық және жергілікті атқару органдары қызметтерінің селсоқ және әлсіз екендігіне назар аударды, олардың жұмысында немқұрайдылық басым екенін атап көрсетті.

"Жемқорлықпен күрес, барлық мемелкеттік органдардың атқаратын жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі болады, ол үшін қатаң сұрау болады", - деп мәлімдеді президент. Осыған байланысты министрліктер мен ведомстволардың басшыларына, Астана мен Алматы облыстары әкімдеріне жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және осы салада қандай шара қолданылып жатқандығы тұрғысында барлық ақпараттарды арнайы топқа ұсынуды тапсырды. Арнайы топ олардың есептерімен баяндамаларын үнемі өткізілетін мәжілісте тыңдайтын болады.

Президент, қауіпсіздік Кеңесінің заңнамалық және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласында, құқықорғау құрылымында ұйымдастыру штатын қамтамасыз ету, және жемқорлыққа қарсы сапалы сараптама жүргізу жөніндегі тапсырмаларының бұлжытпай орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін баса айтты.

Экономикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттіктерге, бас прокуратураға, әділет, сыртқы істер және ішкі істер Министрліктері мен ҰҚК жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық тәжірибені үйренуді, шетелдің жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына сараптама жасауды тапсырды. Шетел инвесторлары Кеңесінің тәжірибесі мен мүмкіндігін қолдану ұсынылды.

Елбасы, жемқорлыққа қарсы мақсатты, жоспарлы, жүйелі шара қолдану қажеттігін атап өтіп, жүйесіздікке жол берілмеуін ескертті.

Баспасөз қызметінің хабарламасында, "отырыс барысында аталған шаралардың бәрі, мемлекеттің қоғаммен бірге осы саладағы ахуалды түбегейлі өзгертуге талпынысын байқатады. Бұл өз кезегінде жемқорлықпен ашық, әрі нәтижелі күрес жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп көрсетілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны