26.02.2016, 17:46 4611

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасыныӊ Президенті Ибдел Фаттах Ас-Сисимен кездесті

Кездесу барысында екі елдіӊ сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екі елдіӊ сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев И.Ас-Сисидіӊ Қазақстанға алғашқы сапары елдеріміз арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жаӊа серпін беретінін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Біздіӊ ел Мысырмен сенімді достық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Биыл қазақстандықтар өз тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелейді. 1991 жылы араб елдері ішінен Мысырдыӊ еӊ бірінші болып тәуелсіздігімізді танығаны есімізде. Содан бері халықтарымыз бен елдерімізді жақындастыру үшін көп жұмыс жасалды, осы жылдар ішінде мен Мысырға бірнеше рет бардым, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі елдіӊ географиялық алшақтығына қарамастан, көлік-транзит байланысын дамыту үшін зор әлеуетке ие екеніне де назар аударды.

Мемлекет басшысы И.Ас-Сисидіӊ Мысыр басшылығына күрделі кезеӊде келгенін айтты.

Біз соӊғы жылдардағы ішкі қақтығыстарға, қантөгістер мен революцияға қарамастан Мысыр халқыныӊ ұйыса білгені және жаӊа Президентке сенім білдіргені үшін қуаныштымыз. Сіз таяуда Парламент қабырғасында сөйлеген сөзіӊізде жаӊа мақсаттар мен міндеттер қойдыӊыз, олар бізге де түсінікті, жанымызға жақын. Мысыр - Таяу Шығыстағы ірі мемлекеттіӊ бірі, сондықтан біз әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі сенімді диалогымызды жалғастырғымыз келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

И.Ас-Сиси Мысыр халқы мен ел басшылығы Астана мен Каир арасындағы екіжақты қарым-қатынастар деӊгейін жоғары бағалайтынын айтты.

Біз еліміз үшін қиын кезеӊде Қазақстанныӊ көрсеткен қолдауын бағалаймыз. Меніӊ сапарымныӊ мақсаты - елдеріміздіӊ арасындағы тығыз байланысты барлық бағыт бойынша одан сайын нығайту түсу, - деді И.Ас-Сиси.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны