12.10.2015, 14:47 3545

Елбасы Қытай Халық Республикасыныӊ қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтыӊ жаӊа кезеӊінде тұрғанын атап өтті

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтыӊ жаӊа кезеӊінде тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіӊде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадтыӊ табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті Қытайдыӊ халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзініӊ қуаты мен техникалық жарақтану деӊгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдіӊ қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудыӊ маӊыздылығы атап өтілді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-дыӊ Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударды.

Чан Ваньцюань өткізілген кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинніӊ сәлемін жеткізді.

ҚХР қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан Президентініӊ елдіӊ жаӊа келбетін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.

- Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанныӊ қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыӊыз, халық арасындағы беделіӊіз зор, - деді Чан Ваньцюань.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны