11.06.2018, 15:14 5772

Елбасы кітапханасында "Аймақтық ынтымақтастық - Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтыӊ кепілі" халықаралық дөӊгелек үстелі өтті

Іс-шара Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, Орталық Азия елдерінде тұрақтылық сақтау маӊыздылығынотандық және шетелдік саясаткерлермен, беделді сарапшылармен талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында "Аймақтық ынтымақтастық - Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтыӊ кепілі" халықаралық дөӊгелек үстелі өтті.

Іс-шара Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, Орталық Азия елдерінде тұрақтылық сақтау маӊыздылығынотандық және шетелдік саясаткерлермен, беделді сарапшылармен талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Ол сондай-ақ Орталық Азия аймағын (ОАА)ілгері демократияландырып, қарқынды дамыту үшін, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде ОАА мемлекеттерініӊ экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани ынтымақтастығын дамытуға қатысты білім көкжиегін кеӊейту мақсатында өткізілді.

Оныӊ аясында қатысушылар ОА елдерініӊ дипломатиялық қатынастары мен ынтымақтастығын дамыту алғышарттарын; ОА мемлекеттеріндегі әлеуметтік-саяси жаӊғыру мәселелерін;халықаралық, дінаралық келісім мен рухани даму мәдениетін сақтау маӊыздылығын; аймақ тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ОА көшбасшыларыныӊ рөлін;аймақтағы интеграциялық үрдістерді;қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету факторы - Н.И.Назарбаевтыӊ сыртқы саяси және бітімгерлік бастамаларын ортаға салды.

Дөӊгелек үстелдіӊ модераторы, Елбасы кітапханасы директорыныӊ орынбасары, саяси ғылымдардыӊ докторы, профессор Имірхан Рахымжанов Қазақстанныӊ сыртқы саясаты мен Елбасыныӊ стратегиялық бастамаларына қатысты іс-шараларды өткізудіӊ Кітапхана үшін игі дәстүрге айналғанын сөз етті. Оныӊ айтуынша, мұндай шаралар халықаралық интеллектуалды алаӊымызды өз елімізде ғана емес, оныӊ шекарасынан тыс дамытпақ. "Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі халықтыӊ шынайы бауырластығын танытады. Бұл байланыс тамырыныӊ тереӊдігімен, ортақ тарихымен және бабаларымыздыӊ бай рухани мұраларымен нығайып отыр", - деп Имірхан Мұратбекұлы2018 жылғы 15 наурызда өткен Қазақстандағы Өзбекстан жылыныӊ ашылу рәсіміндегі Елбасы сөзін келтірді.

- Аймақтағы рөлі мен жауапкершілігін білетін Қазақстан аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаӊа сын-тегеуріндерге, шектес аудандардан төнетін қауіпке төтеп беруге әрдайым жан-жақты күшін салады.Ол шиеленіс тудырушы мүмкіндіктерді төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық, су-энергетика, т.б. мәселелерді шешу мақсатында Орталық Азиядағы ішкі аймақтық интеграцияны дамытуға ұмтылады, - деп белгіледі ол.

- Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасыныӊ басшылығы мен ұжымына алғыс айтсам деймін. Өзбекстан мен Қазақстанныӊ сыртқы саяси векторда атқарылып жатқан жұмысы көршілес елдер арасындағы тату қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Өзбекстан жұрты қос ұлттыӊ тарихи достығын биік бағалайды. Н.И.Назарбаев пен Ш.М.Мизиеёвтіӊ бастамасымен 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы, 2019 жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы болып бекітілді. Наурыз айындағы кездесу нәтижесінде Қазақстандағы Өзбекстан жылын жүзеге асырудыӊ жүйесіқұрылды. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралардыӊ өзі 143-тен асып отыр. Бұгінде бұл шаралардыӊ жартысы іске асырылып үлгерді, - дедіҚазақстандағы Өзбекстан Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев.

- Бүгінгі кездесудіӊ Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында өтіп жатқанына қуаныштымыз. Осы орайда бауырларымызға осынау маӊызы мен жауапкершілігі зор іс-шараны өткізуде сәттілік тілейміз! - деп Қазақстандағы Тәжікстан Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализодаықыласын білдіріп, қатысушыларды "Ынтымақтастықты дамыту - аймақ тұрақтылығыныӊ кепілі: Тәжікстан көзқарасы" баяндамасымен таныстырды.

- Орталық Азия елдері арасындағы ықпалдастықтыӊ мемлекеттік деӊгейде де, жеке бизнес деӊгейінде де өскені байқалады. Бүгінгі таӊда өзара тиімді серіктестіктіӊ трендке, негізгі идеяға айналғаны рас. Яғни, өзара ықпалдастық пен серіктестік тиімділікті көбейтуші күшке ие деген түсінік бар. Осы тұрғыда тәуелсіздік алған тұсынан-ақ Қазақстанныӊ сыртқы қарым-қатынастарға ден қойып, халықаралық стандарттарға қолғабыс еткенін белгілеген жөн. Біздіӊ географиялық орнымыз сыртқы нарыққа стратегиялық қолжетімділікті талап етеді. Сол себепті қысқа уақыттыӊ ішінде біз бағындырған белестерден асу үшін өзбек әріптестеріміз жеке тәжірибемізді зерттеп, өз қолданысына енгізді, - деді тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, Азия зерттеулер институтыныӊ директоры Сұлтан Икімбеков.

- Тәуелсіздік алғаннан кейін бауырлас ұлттарымыз тарихи салт-дәстүрлеріндегі бірлік пен тұтастығынан алыстаған емес. Сол себепті әр ел өз мемлекеттілігін нығайтуда екі жақты қарым-қатынастар жүйесін құруға талпынды, - деді Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті "Философия және әдістеме" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, профессор Нигина Шермухамедова.

Дөӊгелек үстел барысында отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардыӊ, сарапшылық қауымдастықтыӊ өкілдері және т.б. баяндама оқыды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны